https://sputnik.kz/20261123/aqtobe-oblysynda-koktemgi-su-tasqyny-birneshe-ret-shayyp-ketken-kopir-zhanartyldy-68696739.html
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны бірнеше рет шайып кеткен көпір жаңартылды
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны бірнеше рет шайып кеткен көпір жаңартылды
Sputnik Қазақстан
Жаңа көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр 23.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-23T10:52+0500
2026-11-23T10:52+0500
2026-11-23T10:53+0500
ақтөбе
әкімдік
көпір
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/17/68696221_0:47:1113:673_1920x0_80_0_0_50e691b7a50e4c0f132b7c399c423387.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны бірнеше рет шайып кеткен көпір толық жаңартылды, деп хабарлады өңір әкімдігі.Байғанин ауданының Ащыағыр аумағындағы көпір жақын күндері халық игілігіне беріледі.Көпір "Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт" бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының 34-шақырымында орналасқан. Ол Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендерін байланыстырады. Аталған үш ауылда жалпы саны 1 700-ден астам тұрғын бар.Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселені шешу мақсатында бюджет қаражаты бөлініп, 2024 жылы жаңа көпірдің жобалық құжаттамасы әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталды.Жаңа көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталды. Нысан жақын күндері толықтай пайдалануға беріледі.
https://sputnik.kz/20261030/shygys-qazaqstanda-pikhtovka-ozeni-arqyly-otetin-175-metrlik-kopir-ashyldy-68093050.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/17/68696221_77:0:1037:720_1920x0_80_0_0_179a1728cf393ce6bb6e3a7386fad741.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, әкімдік, көпір
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны бірнеше рет шайып кеткен көпір жаңартылды
10:52 23.11.2026 (жаңартылды: 10:53 23.11.2026) Жаңа көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны бірнеше рет шайып кеткен көпір толық жаңартылды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Байғанин ауданының Ащыағыр аумағындағы көпір жақын күндері халық игілігіне беріледі.
Көпір "Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт" бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының 34-шақырымында орналасқан. Ол Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендерін байланыстырады. Аталған үш ауылда жалпы саны 1 700-ден астам тұрғын бар.
"Соңғы үш жылда көктемгі су тасқыны салдарынан ескі көпір бірнеше рет шайылып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасына кедергі келтірген. Бұл әсіресе тұрғындардың күнделікті қатынауына, әлеуметтік нысандарға жетуіне және қажетті қызметтерді алуына қиындық туғызды", - деп жазылған хабарламада.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселені шешу мақсатында бюджет қаражаты бөлініп, 2024 жылы жаңа көпірдің жобалық құжаттамасы әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталды.
Жаңа көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталды. Нысан жақын күндері толықтай пайдалануға беріледі.