https://sputnik.kz/20261122/qazaqstan-buu-nyn-elektrondyq-ukimetti-damytu-reytinginde-16-shy-orynga-koterildi-68691412.html
Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-шы орынға көтерілді
Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-шы орынға көтерілді
Sputnik Қазақстан
Екі жыл ішінде Қазақстан 2024 жылы рейтингте өзінен жоғары тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып кетті 22.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-22T20:06+0500
2026-11-22T20:06+0500
2026-11-22T20:06+0500
қазақстан
цифрландыру
бұұ
https://sputnik.kz/img/1397/43/13974324_0:0:960:540_1920x0_80_0_0_cd9d09773217c49dbc597c6453f6076b.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-шы орынға көтерілді, деп хабарлады Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 24-орыннан 16-шы орынға көтеріліп, алғаш рет ең жоғары рейтингтік санатқа енді.Ең жоғары рейтингтік санатқа электрондық үкіметі барынша дамыған әлемнің 21 мемлекеті кіреді. Қазір Қазақстан Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ-пен бір қатарда. 2026 жылы бұл санатқа алғаш рет бар болғаны үш ел: Қазақстан, Ирландия және Польша енді.Екі жыл ішінде Қазақстан 2024 жылы рейтингте өзінен жоғары тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып кетті. Ел индексі әлемдік орташа көрсеткіш 0,6675 болған жағдайда 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсті.Екі жыл ішінде цифрлық мемлекет құрудың үлгісі ретінде танылған Эстониямен арадағы алшақтық төрт есе қысқарды. ТМД және Орталық Азия елдері арасында Қазақстан тағы да бірінші орында. Әлемдік рейтингте Өзбекстан 32-орында, Әзербайжан 38-орында, Ресей 50-орында тұр.
https://sputnik.kz/20261016/otbasynyn-tsifrlyq-kartasy-aleumettik-qoldau-zhuyesinde-qanday-ozgeris-bolady-67650096.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1397/43/13974324_120:0:840:540_1920x0_80_0_0_3a160195db80124f2a03611c811203bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, цифрландыру, бұұ
қазақстан, цифрландыру, бұұ
Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-шы орынға көтерілді
Екі жыл ішінде Қазақстан 2024 жылы рейтингте өзінен жоғары тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып кетті
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-шы орынға көтерілді, деп хабарлады Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 24-орыннан 16-шы орынға көтеріліп, алғаш рет ең жоғары рейтингтік санатқа енді.
Екі жыл ішінде 8 сатыға жоғарылау БҰҰ баяндамасында көшбасшы елдер арасындағы ең елеулі ілгерілеудің бірі ретінде аталды. Қазақстан осындай деңгейге жеткен өңірдегі алғашқы ел болды", - деп жазылған хабарламада.
Ең жоғары рейтингтік санатқа электрондық үкіметі барынша дамыған әлемнің 21 мемлекеті кіреді. Қазір Қазақстан Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ-пен бір қатарда. 2026 жылы бұл санатқа алғаш рет бар болғаны үш ел: Қазақстан, Ирландия және Польша енді.
Екі жыл ішінде Қазақстан 2024 жылы рейтингте өзінен жоғары тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып кетті. Ел индексі әлемдік орташа көрсеткіш 0,6675 болған жағдайда 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсті.
Екі жыл ішінде цифрлық мемлекет құрудың үлгісі ретінде танылған Эстониямен арадағы алшақтық төрт есе қысқарды. ТМД және Орталық Азия елдері арасында Қазақстан тағы да бірінші орында. Әлемдік рейтингте Өзбекстан 32-орында, Әзербайжан 38-орында, Ресей 50-орында тұр.