Видео

Полициядан қашқан: Абай облысында жүргізуші патрульдік көлікті соғып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевПолициядан қашқан: Абай облысында мас жүргізуші патрульдік көлікті соғып кетті
Полициядан қашқан: Абай облысында мас жүргізуші патрульдік көлікті соғып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2026
Жазылу
Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Абай облысы, Үржар ауданына қарасты елді мекендердің бірінде Hyundai Tucson автокөлігін басқарған 62 жастағы жүргізуші полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, патрульдік экипаждан жолсыз жермен қашуға әрекет жасаған.
Қашу кезінде жол талғамайтын көлік полицияның қызметтік көлігіне соғылған.

"Полиция қызметкерлері жолдан күрт бұрылған автокөлікті байқап, жүргізушіге тоқтау туралы белгі берген. Алайда ол полиция талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған", - дейді полиция.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты екі құқық бұзушылық бойынша материалдарды сотқа жолдады. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Жол апатының белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
"Ата, көмектесші": Алматыда көлік қаққан балаларға көмектескен куәгер оқиға туралы айтты
Жаңалықтар
0