Видео

Елде 10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленді

© Polisia.kzЕлде 10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленді
Елде 10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2026
Жазылу
ІІМ есірткі курьерлерін құрықтады
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазақстанда 10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленді.
Алматыда 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұсталды. Оның автокөлігі мен пәтерін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин психотроптық заты тәркіленді.
Шымкентте полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оны жеке тінту кезінде салмағы жарты килограмм болатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Жігіт оны қала аумағында өткізбек болған.
"Павлодарда полицейлер 32 жастағы әйел ұсталды. Оны жеке тінту кезінде бір жарым килограмға жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктінің әлеуметтік желі арқылы есірткі курьері болып, тыйым салынған заттарды өткізу үшін Алматыдан Павлодарға арнайы келгені анықталды", - дейді полиция.
Қарашаның бірінші онкүндігінде барлығы 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 35-і қылмыстық іс. 10 күн ішінде 35 фигурант ұсталды, оның ішінде:
19 адам есірткі өткізу фактілері бойынша;
3 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін;
8 адам контрабанда үшін;
3 адам улы заттардың заңсыз айналымы үшін;
1 адам есірткі өсіргені үшін;
1 адам есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін ұсталды.
Заңсыз айналымнан 200 килограмнан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 190 кг марихуана, шамамен 13 кг синтетика және 4 кг гашиш бар.
Куст марихуаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2026
44 түп марихуана өсірген: Маңғыстау облысында есірткі зертханасы жойылды
Жаңалықтар
0