https://sputnik.kz/20261121/qazaqstanda-alimentten-zhaltaratyndar-kobeydi-qaryz-19-mlrd-tengege-zhetti-68632125.html
Қазақстанда алименттен жалтаратындар көбейді: қарыз 19 млрд теңгеге жетті
Қазақстанда алименттен жалтаратындар көбейді: қарыз 19 млрд теңгеге жетті
Sputnik Қазақстан
2020-2025 жылдары алимент төлемегені үшін сотталған қазақстандықтардың саны 2,5 есе өскен 21.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-21T20:00+0500
2026-11-21T20:00+0500
2026-11-21T20:00+0500
алимент
қазақстан
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_51cb5dd60cf0adc02cbc9b18f90f7a30.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстанда алимент төлеуден жалтаратындарға қатысты қылмыстық істер саны көбейіп келеді. Биыл он айда мұндай 686 іс тіркелген. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға, ал 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.Әділет министрлігінің мәжбүрлеп орындату комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 232 мыңнан астам борышкердің алимент бойынша берешегі 19 млрд теңгеге жеткен.Бұл – жыл ортасына қарай атқарушылық құжаттар бойынша жиналған жалпы қарыз. Оған бұрыннан өтелмеген берешек те, жаңа қылмыстық істерге қатысты қалыптасқан қарыз да кіреді.Ал 2026 жылғы қаңтар-қазан аралығында алимент төлемеу деректері бойынша тіркелген қылмыстық істерден келген залал 1 млрд теңгеден асқан. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,5 есе көп. Алдыңғы толық жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда да бұл – рекордтық деңгей.Сонымен қатар 2020-2025 жылдары алимент төлемегені үшін сотталған қазақстандықтардың саны 2,5 есе өскен. 2020 жылы 277 адам жауапқа тартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 704 адамды құрады.
https://sputnik.kz/20260929/astanada-boryshkerler-aliment-tolemes-ushin-26-mlrd-tenge-kolemindegi-tabysyn-zhasyrgan-67137044.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_313:0:3774:2596_1920x0_80_0_0_7d86776e6e96bc3c9abe05311cf2e794.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алимент, қазақстан
Қазақстанда алименттен жалтаратындар көбейді: қарыз 19 млрд теңгеге жетті
2020-2025 жылдары алимент төлемегені үшін сотталған қазақстандықтардың саны 2,5 есе өскен
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстанда алимент төлеуден жалтаратындарға қатысты қылмыстық істер саны көбейіп келеді. Биыл он айда мұндай 686 іс тіркелген. Бұл туралы
Finprom.kz хабарлады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға, ал 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.
"Мұндай істердің саны 2024 жылы айтарлықтай өсті. Сол жылы көрсеткіш бірден 1,5 есе артқан", - деп жазды портал.
Әділет министрлігінің мәжбүрлеп орындату комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 232 мыңнан астам борышкердің алимент бойынша берешегі 19 млрд теңгеге жеткен.
Бұл – жыл ортасына қарай атқарушылық құжаттар бойынша жиналған жалпы қарыз. Оған бұрыннан өтелмеген берешек те, жаңа қылмыстық істерге қатысты қалыптасқан қарыз да кіреді.
Ал 2026 жылғы қаңтар-қазан аралығында алимент төлемеу деректері бойынша тіркелген қылмыстық істерден келген залал 1 млрд теңгеден асқан. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,5 есе көп. Алдыңғы толық жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда да бұл – рекордтық деңгей.
Сонымен қатар 2020-2025 жылдары алимент төлемегені үшін сотталған қазақстандықтардың саны 2,5 есе өскен. 2020 жылы 277 адам жауапқа тартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 704 адамды құрады.