Қазақстанда алғаш рет сирек кездесетін сілеусін спутник арқылы бақыланады

© Photo : Экологияя министрлігіҚазақстанда алғаш рет сирек кездесетін сілеусін спутник арқылы бақыланады
Қазақстанда алғаш рет сирек кездесетін сілеусін спутник арқылы бақыланады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2026
Жазылу
Сілеусінге "Қараша" деген ат берілді
АСТАНА, 21 қараша - Sputnik. Елімізде алғаш рет Түркістан сілеусініне GPS-трекері бар арнайы қарғыбау тағылды.
Алматы облысының Шелек өзенінің бойында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сілеусін анықталды.
Бақылау кезінде жыртқыштың шибөрі өлексесімен қоректеніп жатқаны белгілі болды.
«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің қызметкерлері мен Зоология институтының мамандары бірлесіп, сілеусінді қауіпсіз ұстап, физиологиялық жағдайын бағалады және GPS-қарғыбау орнатты.
© Photo : Экология министрлігіҚазақстанда алғаш рет сирек кездесетін сілеусін спутник арқылы бақыланады
Қазақстанда алғаш рет сирек кездесетін сілеусін спутник арқылы бақыланады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2026
Қазақстанда алғаш рет сирек кездесетін сілеусін спутник арқылы бақыланады
"Спутник арқылы сілеусіннің қайда жүргенін бақылауға болады. Бұл технология оның қозғалыс бағыттарын, мекендеу аумағын және белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді", - дейді эколог мамандар.
Қажетті ветеринариялық және зерттеу шараларынан кейін сілеусін ұлттық парктің табиғи ортасына қайта жіберілді. Сілеусінге "Қараша" деген ат берілді.

Енді ғалымдар Қарашаның табиғаттағы қозғалысын GPS арқылы бақылап, сирек кездесетін жыртқыш туралы құнды ғылыми мәліметтер жинайды.
Қазақстанда қар барысына алғаш рет спутниктік қарғыбау тағылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Қазақстанда қар барысына алғаш рет спутниктік қарғыбау тағылды
Жаңалықтар
0