https://sputnik.kz/20261121/flyarystan-aue-kompaniyasynyn-zholaushylar-quqygyn-shekteytin-erezheleri-zansyz-dep-tanyldy-68658060.html
FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар құқығын шектейтін ережелері заңсыз деп танылды
FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар құқығын шектейтін ережелері заңсыз деп танылды
Sputnik Қазақстан
Сауда министрлігі компания қызметі бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтаған болатын 21.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-21T12:20+0500
2026-11-21T12:20+0500
2026-11-21T13:07+0500
әуе компаниясы
министрлік
сот
жолаушы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25251877_0:84:1600:984_1920x0_80_0_0_54726bedce7217c17329a708d8e27960.jpg
АСТАНА, 21 қараша - Sputnik. Сот FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар құқығын шектейтін ережелерін заңсыз деп таныды.Сауда және интеграция министрлігі FlyArystan әуе компаниясының ішкі ережелерін заң талаптарына сәйкестендіру туралы нұсқамасының заңдылығын сотта дәлелдеді.Мәселе жолаушылардың бірінің шағымынан басталған. Өтініш негізінде министрліктің аумақтық департаменттері әуе компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тасымалдаушының ішкі қағидаларында тұтынушылар құқығын бұзатын бірқатар талаптар барын анықтады:Тексеру қорытындысы бойынша компанияға осы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген болатын. Алайда FlyArystan бұл талаппен келіспей, шешімді сот арқылы бұзуға тырысты.Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен апелляциялық алқасы әуе компаниясының шағымын қанағаттандырмай, министрліктің нұсқамасын заңды деп таныды. Енді тасымалдаушы ішкі ережелерін ел заңнамасына сәйкес өзгертуге міндетті.
https://sputnik.kz/20260828/almaty-auezhayynda-flyarystan-ushagynan-ort-shygyp-bir-adam-zardap-shekti-66181269.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25251877_88:0:1512:1068_1920x0_80_0_0_ecaf9df536f5f99327577cdad3528cf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуе компаниясы, министрлік, сот, жолаушы
әуе компаниясы, министрлік, сот, жолаушы
FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар құқығын шектейтін ережелері заңсыз деп танылды
12:20 21.11.2026 (жаңартылды: 13:07 21.11.2026) Сауда министрлігі компания қызметі бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтаған болатын
АСТАНА, 21 қараша - Sputnik. Сот FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар құқығын шектейтін ережелерін заңсыз деп таныды.
Сауда және интеграция министрлігі FlyArystan әуе компаниясының ішкі ережелерін заң талаптарына сәйкестендіру туралы нұсқамасының заңдылығын сотта дәлелдеді.
Мәселе жолаушылардың бірінің шағымынан басталған. Өтініш негізінде министрліктің аумақтық департаменттері әуе компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тасымалдаушының ішкі қағидаларында тұтынушылар құқығын бұзатын бірқатар талаптар барын анықтады:
тасымалдау талаптары біржақты тәртіппен өзгерту;
әуе тасымалдаушысының жауапкершілігін шектеу;
жекелеген қосымша алымдарды негізсіз өндіріп алу;
жолаушылардың билет ақшасын қайтару құқығын шектеу;
тұтынушыларды толық ақпараттандырмау және жазбаша шағым беру тәсілдерін шектеу.
Тексеру қорытындысы бойынша компанияға осы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген болатын. Алайда FlyArystan бұл талаппен келіспей, шешімді сот арқылы бұзуға тырысты.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен апелляциялық алқасы әуе компаниясының шағымын қанағаттандырмай, министрліктің нұсқамасын заңды деп таныды. Енді тасымалдаушы ішкі ережелерін ел заңнамасына сәйкес өзгертуге міндетті.