Жаңа Stadler вагондары "Астана – Атырау" бағытында да жолға шығады

© Photo : Пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"Новые поезда с вагонами Stadler казахстанского производства отправятся в путь 11 ноября
Новые поезда с вагонами Stadler казахстанского производства отправятся в путь 11 ноября - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Жаңартылған құрам алғашқы сапарына санаулы күннен кейін, яғни, 23 қарашада "Нұрлы жол" вокзалынан аттанады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. №47/48 "Нұрлы жол – Атырау" бағыты бойынша қолданыстағы стандартты вагондардың орнына отандық өндірістен шыққан жаңа Stadler вагондары жолға шығады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы".
Жаңартылған құрам алғашқы сапарына санаулы күннен кейін, яғни, 23 қарашада "Нұрлы жол" вокзалынан аттанады. Пойыз күнара жүреді. Ал Атыраудан Нұрлы жол бағытына пойыздың рейсі 25 қарашаға жоспарланған.
Пойыз құрамында 9 жолаушылар вагоны болады. Купе вагондарында 40, плацкарт вагондарында 56 жолаушыға арналған орын бар.
"Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін вагондар климатты реттеу жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен және жүк орналастыруға арналған орындармен жабдықталған. Сондай-ақ, буфет қарастырылған. Арнайы қажеттілігі бар жолаушылардың сапарға шығуына да қажетті жағдай жасалған", - дейді компанияда.
Бағытта әйел жолаушыларға арналған арнайы вагон қызметі сақталады. Ол №4 вагонға орналастырылады, дейді компанияда.
Stadler вагондарында тамақтанудың заманауи форматы қарастырылған - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Stadler вагондары жолға шықты – ҚТЖ жолаушыларға арналған тамақты көрсетті
Жаңалықтар
0