Вице-премьер Шымкенттегі жылыжайлар мен мақта кластерін аралап көрді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Жазылу
Түркістан облысындағы арнайы экономикалық аймақта мақта кешенінің өндірістік нысандары дамып келеді
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге кәсіпорындардың жұмысы және инвестициялық жобалардың, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы таныстырылды.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Ол Түркістан облысындағы жалпы инвестиция көлемі шамамен 390 млрд теңгені құрайтын ірі жылыжай кешендеріне барды. Кәсіпорындар толық қуатқа шыққаннан кейін жыл сайын 191 мың тоннаға дейін көкөніс өндіре алады. Сонымен қатар 6,2 мыңға жуық жұмыс орнын құру көзделген.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан жылыжайларында қияр мен қызанақ өндірісінің жалпы көлемі 196,1 мың тоннаны құрады. Осылайша, екі жаңа кешеннің жиынтық жобалық қуаты елдегі осы көкөністердің жылыжайларда өндірілетін жылдық көлемімен шамалас.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жылыжайларда 162,7 мың тонна көкөніс өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Оның 93,8 мың тоннасы қызанаққа, 68,9 мың тоннасы қиярға тиесілі.
Жұмыс сапарының тағы бір нысаны Шымкенттегі "Кока-Кола Алматы Боттлерс" БК ЖШС зауыты болды. Серік Жұманғарин кәсіпорынның өндірістік қуатымен және алкогольсіз сусындар шығаруды одан әрі арттыру жоспарымен танысты.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Жобаны жүзеге асырудың екі кезеңіндегі инвестицияның жалпы көлемі 37,5 млрд теңгені құрайды. Өндірістің бірінші кезеңі 2024 жылы іске қосылды. Зауыттың жиынтық жобалық қуаты жылына 391 млн литр сусын өндіруге жетеді. Кәсіпорында 125 жұмыс орны құрылған.
Жаңа өндіріс орындары
Вице-премьер өндіріс орындарын орналастыру және жергілікті кәсіпкерлікті дамыту мақсатында құрылған шағын өнеркәсіптік паркке барды.
Аумағы 1 гектар болатын жерде алты өндірістік ғимарат салынған, тағы бесеуінің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда жиһаз, модульдік үйлер, термопанельдер, терезе жақтаулары мен құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Түркістанда Серік Жұманғарин TURAN арнайы экономикалық аймағының өнеркәсіптік субаймағының жұмысымен танысты. Аумағы 290 гектар жерде 4 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 16 инвестициялық жоба орналастырылған. Бүгінде 665 адамды жұмыспен қамтып отырған алты кәсіпорын іске қосылған.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
АЭА резиденттері полимерлі құбырлар, қаптама материалдары, тау-кен металлургия кешеніне арналған өнеркәсіптік жабдықтар, сэндвич-панельдер, ауыл шаруашылығы техникасы мен тоқыма өнімдерін өндіруді дамытып келеді.
Толық циклді мақта агрокешені
АЭА аумағында құны 146 млрд теңге болатын Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің құрамына кіретін бірнеше кәсіпорын салу жоспарланған.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Мұнда мақта өсіру мен оны терең өңдеуден бастап, дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл қалыптастырылады. Кешен аясында барлығы 11 кәсіпорын салу көзделген.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Қазіргі уақытта жоба бойынша сегіз өндірістік нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында төрт мақта өңдеу зауыты, тамшылатып суаруға арналған таспа шығаратын кәсіпорын, ПВХ құбырлар зауыты, иіру фабрикасы және мақта тұқымын өңдеу зауыты бар.

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы тауар өндірушілердің жұмысымен танысты
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Сонымен қатар кешеннің шикізат базасы да дамып келеді. Суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, 52 мың гектар жерге мақта егілді. Өнімділік гектарына 56 центнерге жетті. 2024-2026 жылдары жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 1 200 адам жұмыспен қамтылды.
Жобаны одан әрі дамыту аясында тоқыма емес материалдар өндіретін зауыт, бояу зауыты және тігін фабрикасы салынады.