Төлем карталарының саны 85,4 миллионға жетті

© pexels.comПеревод денег по мобильному приложению, иллюстративное фото
Перевод денег по мобильному приложению, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Қолма-қол ақшасыз төлемдердің басым бөлігі интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 85,4 млн төлем картасы айналымда жүр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға көп, деп хабарлады Ranking.kz.
Кейінгі бес жылда карталар саны 52,4%-ға, ал он жылда 5,5 есеге өскен.
"Жалпы карталардың 70 миллионы немесе 82 пайызы – дебеттік карта. Кредиттік карталардың үлесі – 15,2%, қалған 2,8%-ын кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала төленген карталар құрайды", - деп жазды портал.
Қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандық банктер шығарған карталар арқылы 11 млрд қолма-қол ақшасыз операция жасалып, олардың жалпы көлемі 144,9 трлн теңгеге жеткен. Бір жылда операциялар саны 6,5%-ға, ал көлемі 6%-ға артқан.
"Қолма-қол ақшасыз төлемдердің басым бөлігі интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылады. Қыркүйек айында осы арналар арқылы жасалған операциялар жалпы қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 76,5%-ын құраған", - деп жазылған материалда.
Нарықтағы негізгі үрдістердің бірі – премиум карталардың қолжетімді бола бастауы. Банктер клиенттерге кешбэк, бонустар, әуежайдағы бизнес-залдарға кіру, саяхат сақтандыруы және басқа да қосымша қызметтер ұсынады.
Банковская карта, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2021
Елорда тынысы
Автоматты түрде ақша түсіп тұратын карта кімдерге беріледі
Жаңалықтар
0