https://sputnik.kz/20261120/tarazda-qiratylgan-eskertkish-qalpyna-keltirildi-68630664.html
Таразда белгісіз біреулер қиратып кеткен ескерткіш қалпына келтірілді
Таразда белгісіз біреулер қиратып кеткен ескерткіш қалпына келтірілді
Sputnik Қазақстан
Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы мемориалды жедел жөндеп, қалпына келтіргені үшін өңір басшылығына алғысын білдірді 20.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-20T12:27+0500
2026-11-20T12:27+0500
2026-11-20T12:27+0500
тараз
ескерткіш
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/14/68629747_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_3e9976c643347660bc16e2c95bddd230.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Таразда соғыс кезінде қаза тапқан 72 кеңес жауынгері жерленген орынға орнатылған стела толық қалпына келтірілді.Жергілікті әкімдіктің қолдауымен Ресей қаржысына тұрғызылған ескерткішті таяуда белгісіз біреулер қиратып кеткен болатын.Консулдық мемориалды жедел жөндеп, қалпына келтіргені үшін Жамбыл облысы мен Тараз қаласының басшылығына алғыс білдірді.Бұған дейін ауқымды қайта жаңғыртудан кейін 15 қазанда ашылған стеланы белгісіз адамдар қиратып кеткен болатын.Осы оқиғаға байланысты Ресейдің бас консулдығы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы нотаны алғанын растады.
https://sputnik.kz/20261119/tarazda-ashylganyna-bir-ay-gana-bolgan-tarikhi-eskertkishti-qiratyp-ketti-68583720.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/14/68629747_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_66dc7361124b3b614408e7768b12b517.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, ескерткіш
Таразда белгісіз біреулер қиратып кеткен ескерткіш қалпына келтірілді
Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы мемориалды жедел жөндеп, қалпына келтіргені үшін өңір басшылығына алғысын білдірді
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Таразда соғыс кезінде қаза тапқан 72 кеңес жауынгері жерленген орынға орнатылған стела толық қалпына келтірілді.
Жергілікті әкімдіктің қолдауымен Ресей қаржысына тұрғызылған ескерткішті таяуда белгісіз біреулер қиратып кеткен болатын.
"Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл қаласындағы эвакуациялық госпитальдарда жарақаттан қаза болған, аты-жөні белгісіз 72 жауынгер жерленген орынға орнатылған стела толық қалпына келтірілді!", – делінген Ресейдің Алматыдағы бас консулдығының хабарламасында.
Консулдық мемориалды жедел жөндеп, қалпына келтіргені үшін Жамбыл облысы мен Тараз қаласының басшылығына алғыс білдірді.
Бұған дейін ауқымды қайта жаңғыртудан кейін 15 қазанда ашылған стеланы белгісіз адамдар қиратып кеткен болатын.
Осы оқиғаға байланысты Ресейдің бас консулдығы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы нотаны алғанын растады.