https://sputnik.kz/20261120/problemalyq-nesiesi-esepten-shygarylgan-qazaqstandyqtar-zheke-tabys-salygynan-bosatylady-68643415.html
"Проблемалық" несиесі есептен шығарылған қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады
"Проблемалық" несиесі есептен шығарылған қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады
Sputnik Қазақстан
Қазір банктер проблемалық берешекті жылына несие портфелінің 10% шегінде, ал микроқаржы ұйымдары 20% шегінде провизияларды төмендетуден түскен табысты... 20.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-20T18:38+0500
2026-11-20T18:38+0500
2026-11-20T18:42+0500
үкімет
несие
салық
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_0:114:1078:720_1920x0_80_0_0_65ea05a968103ae1dacbcd2e2d32a00d.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Салық кодексіне енгізілетін екі түзету мақұлданды, деп хабарлады Үкімет.Бұл түзетулер Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жобалық кеңсе отырысында қаралды.Бірінші түзетуде кредиттер мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті есептен шығару кезінде жеке тұлғаларды жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген.Қазір банктер проблемалық берешекті жылына несие портфелінің 10% шегінде, ал микроқаржы ұйымдары 20% шегінде провизияларды төмендетуден түскен табысты мойындамай кешіре алады. Лимиттерді тиісінше 5% және 10%-ға дейін екі есе төмендету және осы шектерде басқа талаптарды белгілемей, қарыздарды есептен шығару кезінде жеке тұлғаларды ЖТС-дан босату ұсынылады.Егер лимит асып кетсе, кредитор артық сомаға провизияларды төмендетуден түскен табысты таниды және одан салық агенті ретінде ЖТС төлейді.Мақұлданған түзету Салық кодексіне енгізілген жалпы өзгерістер пакетіне кіреді.Екіншісі Саланы дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген жеңіл өнеркәсіпті салықтық ынталандыру шараларына қатысты.
https://sputnik.kz/20261027/5-mln-tengege-deyingi-nesie-esepten-shygarylady-zhelidegi-videoga-qatysty-eskertu-zhasaldy-68010233.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_85:0:1045:720_1920x0_80_0_0_6cfd1955ae1668d66faf6b23408b71b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, несие, салық
"Проблемалық" несиесі есептен шығарылған қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады
18:38 20.11.2026 (жаңартылды: 18:42 20.11.2026) Қазір банктер проблемалық берешекті жылына несие портфелінің 10% шегінде, ал микроқаржы ұйымдары 20% шегінде провизияларды төмендетуден түскен табысты мойындамай кешіре алады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Салық кодексіне енгізілетін екі түзету мақұлданды, деп хабарлады Үкімет.
Бұл түзетулер Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жобалық кеңсе отырысында қаралды.
Бірінші түзетуде кредиттер мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті есептен шығару кезінде жеке тұлғаларды жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген.
"Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар заңнамада қарыз алушы өз міндеттемесін орындай алмайтын барлық өмірлік жағдайды қарастыру іс жүзінде мүмкін емес деген қорытындыға келді. Осыған байланысты бірыңғай тәсілді белгілеу: қарыз алушыларға қосымша талаптарсыз, бірақ белгіленген лимиттер шегінде проблемалық берешекті кешіру кезінде жеке тұлғаларды ЖТС-тан босату ұсынылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір банктер проблемалық берешекті жылына несие портфелінің 10% шегінде, ал микроқаржы ұйымдары 20% шегінде провизияларды төмендетуден түскен табысты мойындамай кешіре алады. Лимиттерді тиісінше 5% және 10%-ға дейін екі есе төмендету және осы шектерде басқа талаптарды белгілемей, қарыздарды есептен шығару кезінде жеке тұлғаларды ЖТС-дан босату ұсынылады.
Егер лимит асып кетсе, кредитор артық сомаға провизияларды төмендетуден түскен табысты таниды және одан салық агенті ретінде ЖТС төлейді.
Мақұлданған түзету Салық кодексіне енгізілген жалпы өзгерістер пакетіне кіреді.
Екіншісі Саланы дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген жеңіл өнеркәсіпті салықтық ынталандыру шараларына қатысты.