Көлік жүргізу құқығынан айырылған 115 адам қамауға алынды

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Тағы 130 жүргізушіге айыппұл салынған
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі көлік жүргізу құқығынан айырылған 115 жүргізушінің әкімшілік қамауға алынғанын хабарлады.
Полиция кейінгі бес күнде жалпы саны 245 тәртіп бұзушыны анықтаған.
"Олардың 115-і әкімшілік қамаққа алынса, 130 жүргізушіге айыппұл салынды. Сонымен қатар барлық 245 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды", - деп жазылған хабарламада.
ІІМ көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың рөлге отыруына жол берілмейтінін атап өтті.
"Кейбір жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылса да, автокөлік рөліне отырады. Сот тыйым салса да, олар заңды әдейі бұзып, басқалардың өміріне қауіп төндіреді", - дейді полиция.
Жаңалықтар
0