Астанада жоғалған жеткіншекті қызметтік ит тапты

© Sputnik / Тимур БатыршинҚызметтік ит
Қызметтік ит - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Жасөспірім тұрғын үйдің жертөлесінен анықталды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Астанада жоғалған 11 жастағы баланы қызметтік ит Феликс тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада туыстарымен болған жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған 11 жастағы баланы полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен тапты. Жасөспірім тұрғын үйдің жертөлесінен анықталды.
Баланың жоғалғаны туралы хабарлама "102" арнасына оның заңды өкілінен түскен. Ақпарат келіп түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, іздестіру жұмыстарын бастады.
© PhotoҚызметтік ит - Феликс
Қызметтік ит - Феликс - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Қызметтік ит - Феликс
Іздеу шараларына Астана қаласы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының мамандары да қосылды. Оларға полиция қызметкері Аслан Елтай жетекшілік етті.
Іздестіруге иіс ізі арқылы адам табуға арнайы үйретілген Феликс атты қызметтік ит қатысты. Кинолог пен оның төрт аяқты көмекшісінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде бала тұрғын үйдің жертөлесінен табылды.
Жеті жастағы Феликс – неміс овчаркасы. Оның толық қызметтік аты – "Созвездие столицы Феликс". Ол иіс ізі арқылы адамдарды іздеуге маманданған. Иттің жоғары сезімтал иіс сезу қабілеті із-түзсіз кеткен адамдарды анықтап, олардың жүрген бағытын бақылауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері Феликстің қатысуымен 18 іздестіру дерегі ашылған.
Форма патрульных полицейских  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2026
Қызылордада жоғалған 6 жасар қыз табылды
Жаңалықтар
0