https://sputnik.kz/20261120/aqmola-oblysynda-zhuk-poyyzy-er-adamdy-basyp-ketti-68624398.html
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
Sputnik Қазақстан
Қайғылы оқиға Шортанды және Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған 20.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-20T09:53+0500
2026-11-20T09:53+0500
2026-11-20T09:53+0500
ақмола облысы
пойыз апаты
жүк пойызы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/08/33703677_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_9f1f69ebd966148859c8ec6b25260e7f.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк пойызы теміржол бойында ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.Қайғылы оқиға бейсенбі күні күндіз Шортанды және Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған.Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 19 қарашада Астана станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.Осыған байланысты Көліктегі полиция департаменті азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Атап айтқанда:
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/08/33703677_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_a8b7e410893687428c775fc86174a767.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, пойыз апаты, жүк пойызы
ақмола облысы, пойыз апаты, жүк пойызы
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
Қайғылы оқиға Шортанды және Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк пойызы теміржол бойында ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы оқиға бейсенбі күні күндіз Шортанды және Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 19 қарашада Астана станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
"Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты Көліктегі полиция департаменті азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Атап айтқанда:
теміржолды тек белгіленген жерден кесіп өту керек;
теміржолға жақындағанда құлаққап пен бас киімнің капюшонын шешіп, пойыз сигналдарын естуге мүмкіндік жасау қажет;
пойыз өтіп бара жатқанда перронның шетінде тұрмау керек;
вагондардың үстіне шығуға болмайды, себебі жоғары кернеулі электр тогы адам өміріне қауіп төндіреді.