Ұлттық қауіпсіздік комитеті 510 млн теңгелік темекі мен вейп контрабандасын тоқтатты

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуПроизводство сигарет
Производство сигарет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде тәркіленген 13 960 дана вейп осы заңсыз жүк партияларының біріне жатады
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жалпы құны 510 млн теңгеден асатын темекі мен вейптердің контрабандасын тоқтатты, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"2026 жылдың қараша айында Ақтөбе облысындағы "Әлімбет" автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтудің жолын кесті", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Жамбыл облысындағы мемлекеттік шекара учаскесінде 13 960 дана вейп анықталды. Алдын ала есеп бойынша тәркіленген өнімдердің жалпы құны 510 млн теңгеден асады.
Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
Вейп - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Ұлытау облысында ер адамнан 500-ден астам вейп тәркіленді
Жаңалықтар
0