https://sputnik.kz/20261119/ulken-oyynshyq-toqygym-keledi-oskemendik-zhetkinshek-talantymen-tanti-etip-zhur-68599865.html
"Үлкен ойыншық тоқығым келеді": өскемендік жеткіншек талайды талантымен тәнті етіп жүр
"Үлкен ойыншық тоқығым келеді": өскемендік жеткіншек талайды талантымен тәнті етіп жүр
Sputnik Қазақстан
Айсұлтан тоқыған заттарын сатып, тіпті ақша да тапқан 19.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-19T16:39+0500
2026-11-19T16:39+0500
2026-11-19T17:17+0500
жеткіншек
өнер
тоқу
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68602614_0:0:1673:941_1920x0_80_0_0_97aac5f8a9e210fa7ce81d329e85bbea.png
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Өскеменде 11 жастағы жеткіншек Айсұлтан Талапхан қолөнерімен елді тәнті етіп жүр. Ол ойыншықтар тоқумен айналысады. Талантты баланың өнері туралы Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.Айсұлтанның тоқымамен айналысқанына небәрі екі жыл. Әу баста бұл өнерді ол мектепте еңбек пәнінен үйренген.Өскеменде тоқыма тоқуды үйрететін үйірмелер таппаған. Сосын онлайн форматта оқытатын ақылы курс тапқан. Ақылы сабақтың бір сағаты 5 мың теңге болған. Айсұлтан 5 сағат сатып алған."Сол сәттен бастап үнемі тоқыма тоқиды. Айтуынша, бұл оны тынышталдырып, жақсы бір сезімге бөлейді. Мен өзім тоқыма тоқып көрген емеспін. Айсұлтанның бойындағы бұл қасиет, менің ойымша, менің апамнан дарыған. Ол кісі өте ісмер кісі болған. Үнемі қолөнер бұйымдарын жасайтын. Кілем тоқып сататын", ‑ дейді анасы.Айсұлтан тоқыған заттарын сатып, тіпті ақша да тапқан. Ең алғаш қоян тоқыған, оны сатып алып кеткен. Осы сәттен бастап Айсұлтанның тоқымаға деген ниеті тіпті арта түскен.Жеткіншек болашақта дизайнер болғысы келетінін айтады. Бұл арманын ол алты жасынан бастап анасына айта бастаған."Маған үлкен ойыншықтар тоқыған ұнайды. Ең алғаш панда тоқыдым. Оған ары кетсе 5 сағат уақытым кетті. Қатарластарымнан ойыншықтар тоқып беру туралы өтініштер түскен жоқ. Бірақ сыныпта Дарина деген қызға қоян тоқып бердім, ол сондай қуанды", - дейді Айсұлтан Талапхан.Айсұлтанға көркем еңбек және математика пәндері ұнайды. Бірақ орыс тілі мен әдебиет пәндерін аса ұната қоймайтынын айтады. Талантты бала қатарластарына ұялы телефонға уақыт кетірмей, шығармашылықпен, еңбекпен айналысса дейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68602614_208:0:1463:941_1920x0_80_0_0_91eeb93be1bb6fdb2d7255f0eba0c548.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
жеткіншек, өнер, тоқу
"Үлкен ойыншық тоқығым келеді": өскемендік жеткіншек талайды талантымен тәнті етіп жүр
16:39 19.11.2026 (жаңартылды: 17:17 19.11.2026) Айсұлтан тоқыған заттарын сатып, тіпті ақша да тапқан
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Өскеменде 11 жастағы жеткіншек Айсұлтан Талапхан қолөнерімен елді тәнті етіп жүр. Ол ойыншықтар тоқумен айналысады. Талантты баланың өнері туралы
Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.
Айсұлтанның тоқымамен айналысқанына небәрі екі жыл. Әу баста бұл өнерді ол мектепте еңбек пәнінен үйренген.
"Айсұлтан тоқыманы 10 жасынан бастап үйренді. Мұғалімі тоқыма жіптерін әкелуді тапсырған. Сабақ үстінде қуыршаққа бас киім тіккен. Сол сәттен бастап тоқымаға ерекше қызығушылық танытты. Сосын ютуб арнасынан тоқыма үйрететін әртүрлі бейнеақпараттарды көрді. Бірақ Айсұлтан оны онша түсінбей, біз ақылы курстар сатып алдық", - дейді анасы Дана Әміралинова.
Өскеменде тоқыма тоқуды үйрететін үйірмелер таппаған. Сосын онлайн форматта оқытатын ақылы курс тапқан. Ақылы сабақтың бір сағаты 5 мың теңге болған. Айсұлтан 5 сағат сатып алған.
"Сол сәттен бастап үнемі тоқыма тоқиды. Айтуынша, бұл оны тынышталдырып, жақсы бір сезімге бөлейді. Мен өзім тоқыма тоқып көрген емеспін. Айсұлтанның бойындағы бұл қасиет, менің ойымша, менің апамнан дарыған. Ол кісі өте ісмер кісі болған. Үнемі қолөнер бұйымдарын жасайтын. Кілем тоқып сататын", ‑ дейді анасы.
Айсұлтан тоқыған заттарын сатып, тіпті ақша да тапқан. Ең алғаш қоян тоқыған, оны сатып алып кеткен. Осы сәттен бастап Айсұлтанның тоқымаға деген ниеті тіпті арта түскен.
"Мектепте жәрмеңке болып, Айсұлтан сол жерде брелоктар тоқып сатып, 11 мың теңге тапты. Жалпы күні бүгінге дейін Айсұлтан 50 мың теңге тапты. "Ұл бала тоқыма тоқымайды" деген пікірлер айтылып жатады. Бірақ Айсұлтанның тоқыманы тастамағанын қалаймын, әрине, болашақта өзі көре жатар", ‑ дейді анасы Дана.
Жеткіншек болашақта дизайнер болғысы келетінін айтады. Бұл арманын ол алты жасынан бастап анасына айта бастаған.
"Маған үлкен ойыншықтар тоқыған ұнайды. Ең алғаш панда тоқыдым. Оған ары кетсе 5 сағат уақытым кетті. Қатарластарымнан ойыншықтар тоқып беру туралы өтініштер түскен жоқ. Бірақ сыныпта Дарина деген қызға қоян тоқып бердім, ол сондай қуанды", - дейді Айсұлтан Талапхан.
Айсұлтанға көркем еңбек және математика пәндері ұнайды. Бірақ орыс тілі мен әдебиет пәндерін аса ұната қоймайтынын айтады. Талантты бала қатарластарына ұялы телефонға уақыт кетірмей, шығармашылықпен, еңбекпен айналысса дейді.