Шенеуніктерді есірткіге тексеру талаптары бекітілді

© Sputnik / Санат ИмангалиевКресло
Кресло - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Күдікке ілінген қызметкерге тексерістен өтуге 2 жұмыс күні беріледі
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді есірткі мен психотроптық заттарды пайдалануға тексеу ережесін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау министрлігі мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірлескен бұйрығында қызметкерді тексеріске жіберудің тәртібі жазылған. Оның мінез-құлқында өзгеріс байқаса, кадр қызметі басшылыққа хабар беруі керек. Бірақ өзгерістің нақты белгілері болуы қажет. Олар:
мінез-құлықтың күрт өзгеруі;
жұмысқа жиі келмеу мен кешігіп келу;
иненің іздері;
сөйлеу мен қимыл-қозғалыстың бұзылуы;
мазасыздық;
галлюцинациялар.
Кадр қызметі осы белгілердің кем дегенде үшеуін байқаған жағдайда басшылыққа хабарлайды. Мемлекеттік орган жетекшісі бір жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды. Ал кадр қызметі 48 сағаттан кешіктірмей, тексеріске жолдама рәсімдейді.
Күдікке ілінген қызметкерге тексерістен өтуге 2 жұмыс күні беріледі. Есірткі мен психотроптық заттарды пайдалану фактісі расталса, барлық материал мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен полицияға жіберіледі. Тәртіптік жауапкершілік мәселесі де қаралады.
Ал тексерістен бас тартуға немесе қашуға әрекет жасалса, оны тіркеп, қызметкердің жеке ісіне жазып қояды.
Бірлескен бұйрық 29 қарашадан бастап күшіне енеді.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жеке клиникаларға лицензия беру тәртібі өзгереді
Жаңалықтар
0