https://sputnik.kz/20261119/putin-men-tramp-bir-birimen-qol-alysyp-si-tszinpinnin-eki-zhagyna-turdy-68577216.html
Путин мен Трамп бір-бірімен қол алысып, Си Цзиньпиннің екі жағына тұрды
Путин мен Трамп бір-бірімен қол алысып, Си Цзиньпиннің екі жағына тұрды
Sputnik Қазақстан
Путин мен Трамп АТЭЫ көшбасшыларының суретке түсу рәсімі алдында бір күн бұрын сөйлесіп үлгерді 19.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-19T08:22+0500
2026-11-19T08:22+0500
2026-11-19T08:34+0500
владимир путин
дональд трамп
си цзиньпин
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68574629_0:0:3238:1822_1920x0_80_0_0_b11b584dfdb0f331dc34465ad6d2e58e.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммитінің екінші күні бір-бірімен қол алысып амандасты.Осыдан кейін Путин, Трамп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин және АТЭЫ ұйымының басқа да басшылары саммит дәстүріне сай ортақ суретке түсті.Осы сәтте Ресей басшысы Владимир Путин ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің оң жағына, ал АҚШ президенті Дональд Трамп сол жағына тұрды.Ресей мен АҚШ көшбасшылары бұған дейін АТЭЫ саммитінің пленарлық отырысы өтетін Шэньчжэнь қаласындағы Халықаралық алмасу орталығына келген болатын. Екі мемлекет басшысы да пленарлық отырысқа қатысады.Айта кетері, Путин мен Трамп АТЭЫ көшбасшыларының суретке түсу рәсімінен бір күн бұрын сөйлесіп үлгерген.Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пленарлық отырыстан кейін Путин мен Трамптың екіжақты кездесуі өтуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар бейсенбі күні Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының алғашқы үшжақты кездесуі жоспарланған.Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммиті 18-19 қараша күндері Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатыр. Жалпы, АТЭЫ құрамына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 21 мемлекет кіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68574629_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_661a82ae4f2ac9dd79734f2fc58c8dc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, дональд трамп, си цзиньпин
владимир путин, дональд трамп, си цзиньпин
Путин мен Трамп бір-бірімен қол алысып, Си Цзиньпиннің екі жағына тұрды
08:22 19.11.2026 (жаңартылды: 08:34 19.11.2026) Путин мен Трамп АТЭЫ көшбасшыларының суретке түсу рәсімі алдында бір күн бұрын сөйлесіп үлгерді
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммитінің екінші күні бір-бірімен қол алысып амандасты.
Осыдан кейін Путин, Трамп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин және АТЭЫ ұйымының басқа да басшылары саммит дәстүріне сай ортақ суретке түсті.
Осы сәтте Ресей басшысы Владимир Путин ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің оң жағына, ал АҚШ президенті Дональд Трамп сол жағына тұрды.
Ресей мен АҚШ көшбасшылары бұған дейін АТЭЫ саммитінің пленарлық отырысы өтетін Шэньчжэнь қаласындағы Халықаралық алмасу орталығына келген болатын. Екі мемлекет басшысы да пленарлық отырысқа қатысады.
Айта кетері, Путин мен Трамп АТЭЫ көшбасшыларының суретке түсу рәсімінен бір күн бұрын сөйлесіп үлгерген.
Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пленарлық отырыстан кейін Путин мен Трамптың екіжақты кездесуі өтуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар бейсенбі күні Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының алғашқы үшжақты кездесуі жоспарланған.
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммиті 18-19 қараша күндері Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатыр. Жалпы, АТЭЫ құрамына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 21 мемлекет кіреді.