https://sputnik.kz/20261119/on-alty-zhasqa-deyin-zhelide-tirkeluge-tyyym-salynady--zannyn-negizgi-normalary-68586083.html
Он алты жасқа дейін желіде тіркелуге тыйым салынады – заңның негізгі нормалары
Он алты жасқа дейін желіде тіркелуге тыйым салынады – заңның негізгі нормалары
Sputnik Қазақстан
Депутаттар ата-аналардың жауапкершілігін де енгізуді ұсынып отыр 19.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-19T12:46+0500
2026-11-19T12:46+0500
2026-11-19T12:46+0500
әлеуметтік желілер
бала
https://sputnik.kz/img/241/61/2416169_0:214:4833:2933_1920x0_80_0_0_2eca51f612228cceb71a4059052b9c1e.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасы Құрылтайда бірінші оқылымнан өтті. Құжат әлі екі оқылымда қаралады. Осы уақыт аралығында оған қосымша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Sputnik Қазақстан заң жобасындағы негізгі талаптарды зерделеп шықты.Балалардың жасын кім тексереді?Заң жобасына сәйкес, 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне шектеу енгізілген жағдайда, жаңадан тіркелетін пайдаланушылардың жасын онлайн платформалардың иелері мен олардың Қазақстандағы өкілдіктері тексеруге міндетті болады.Әзірге бұл талапты бұзғаны үшін нақты жаза қарастырылмаған. Алайда заң жобасында онлайн платформалардың Қазақстанда өз өкілдіктерін ашу міндетін заң жүзінде бекіту ұсынылып отыр.Әрбір өкілдік заңды тұлға ретінде тіркелуі керек. Бұл мемлекетке платформалармен тікелей жұмыс істеуге және заң талаптарының орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Талап бұзылған жағдайда заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынуы мүмкін.Бұдан бөлек, депутаттар ата-аналардың жауапкершілігін де енгізуді ұсынып отыр. Себебі ата-аналар өздерінің SIM-карталарын балаларына пайдалануға беруі мүмкін.Бұрыннан ашылған аккаунттар жойыла ма?Қазіргі уақытта онлайн платформалар пайдаланушылардың жасын бірнеше әдіспен тексере алады. Олардың қатарында:Заң жобасында жасты тексерудің нақты әдістері белгіленбеген. Оны әр платформа өз бетінше анықтайды.Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, мемлекет платформаларға азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін бермейді.Жаңа талаптар бұрыннан ашылған аккаунттарға да қатысты болады. Платформалар қолданыстағы аккаунттарды тексеріп, верификациядан өтпегендерін жояды.Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған SIM-карталарды енгізуді тапсырған болатын. Қазір ұялы телефондарды да баланың атына тіркеу мүмкіндігі зерделеніп жатыр. Осыған байланысты баланың жасын SIM-карта немесе телефон арқылы растау мәселесі қарастырылуы мүмкін.Платформаларға қандай жағдайда айыппұл салынады?Заң жобасында онлайн платформалардың құқыққа қайшы контентті және балаларға қатысты кибербуллинг белгілері бар ақпаратты жою міндетіне де ерекше назар аударылған.Мәліметке сәйкес, биылғы жылдың алғашқы он айында заңға қайшы 128 мыңнан астам материал анықталған. Оның тек 70%-ы ғана өшірілген.Енді уәкілетті органның талабынан кейін құқыққа қайшы контент немесе балаларға қатысты кибербуллинг туралы ақпарат 24 сағат ішінде жойылмаса, онлайн платформаларға әкімшілік жаза қолдану ұсынылып отыр.Ұсынылған айыппұл мөлшері:Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге ұлғаяды.Шектеу қашан енгізіледі?Заң жобасы Құрылтайда үш оқылымда қаралады. Одан кейін құжатқа президент қол қоюы керек. Заң қабылданған соң екі ай өткенде күшіне енеді.Дегенмен жаңа талаптарды жүзеге асыру үшін өтпелі кезең қарастырылуы мүмкін.Министрдің түсіндіруінше, 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салынғанымен, мессенджерлерді пайдалануға шектеу қойылмайды.Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан осы бағыттағы әлемдік тәжірибені де зерделеген болатын.
https://sputnik.kz/20261001/qazaqstanda-16-zhasqa-deyin-zhelide-tirkeluge-tyyym-salynady--alemdik-tazhiribe-qanday-67230545.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/241/61/2416169_319:0:4514:3146_1920x0_80_0_0_97a8c29c69ae694271a4766637ebb428.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік желілер, бала
Он алты жасқа дейін желіде тіркелуге тыйым салынады – заңның негізгі нормалары
Депутаттар ата-аналардың жауапкершілігін де енгізуді ұсынып отыр
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасы Құрылтайда бірінші оқылымнан өтті. Құжат әлі екі оқылымда қаралады. Осы уақыт аралығында оған қосымша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан заң жобасындағы негізгі талаптарды зерделеп шықты.
Балалардың жасын кім тексереді?
Заң жобасына сәйкес, 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне шектеу енгізілген жағдайда, жаңадан тіркелетін пайдаланушылардың жасын онлайн платформалардың иелері мен олардың Қазақстандағы өкілдіктері тексеруге міндетті болады.
Әзірге бұл талапты бұзғаны үшін нақты жаза қарастырылмаған. Алайда заң жобасында онлайн платформалардың Қазақстанда өз өкілдіктерін ашу міндетін заң жүзінде бекіту ұсынылып отыр.
Әрбір өкілдік заңды тұлға ретінде тіркелуі керек. Бұл мемлекетке платформалармен тікелей жұмыс істеуге және заң талаптарының орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Талап бұзылған жағдайда заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынуы мүмкін.
Бұдан бөлек, депутаттар ата-аналардың жауапкершілігін де енгізуді ұсынып отыр. Себебі ата-аналар өздерінің SIM-карталарын балаларына пайдалануға беруі мүмкін.
Бұрыннан ашылған аккаунттар жойыла ма?
Қазіргі уақытта онлайн платформалар пайдаланушылардың жасын бірнеше әдіспен тексере алады. Олардың қатарында:
жеке куәліктің көшірмесі;
адамның бет-әлпетін талдайтын технологиялар;
телефон арқылы қаралатын контентті талдау бар.
Заң жобасында жасты тексерудің нақты әдістері белгіленбеген. Оны әр платформа өз бетінше анықтайды.
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, мемлекет платформаларға азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін бермейді.
Жаңа талаптар бұрыннан ашылған аккаунттарға да қатысты болады. Платформалар қолданыстағы аккаунттарды тексеріп, верификациядан өтпегендерін жояды.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған SIM-карталарды енгізуді тапсырған болатын. Қазір ұялы телефондарды да баланың атына тіркеу мүмкіндігі зерделеніп жатыр. Осыған байланысты баланың жасын SIM-карта немесе телефон арқылы растау мәселесі қарастырылуы мүмкін.
Платформаларға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Заң жобасында онлайн платформалардың құқыққа қайшы контентті және балаларға қатысты кибербуллинг белгілері бар ақпаратты жою міндетіне де ерекше назар аударылған.
Мәліметке сәйкес, биылғы жылдың алғашқы он айында заңға қайшы 128 мыңнан астам материал анықталған. Оның тек 70%-ы ғана өшірілген.
Енді уәкілетті органның талабынан кейін құқыққа қайшы контент немесе балаларға қатысты кибербуллинг туралы ақпарат 24 сағат ішінде жойылмаса, онлайн платформаларға әкімшілік жаза қолдану ұсынылып отыр.
Ұсынылған айыппұл мөлшері:
шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК (2026 жылы 216 250 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (432 500 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (865 000 теңге).
Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге ұлғаяды.
Заң жобасы Құрылтайда үш оқылымда қаралады. Одан кейін құжатқа президент қол қоюы керек. Заң қабылданған соң екі ай өткенде күшіне енеді.
Дегенмен жаңа талаптарды жүзеге асыру үшін өтпелі кезең қарастырылуы мүмкін.
"Біз шектеуді енгізуге қатысты техникалық мәселелерді реттеу үшін өтпелі кезең сұрауымыз мүмкін", – деді министр Арман Қырықбаев.
Министрдің түсіндіруінше, 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салынғанымен, мессенджерлерді пайдалануға шектеу қойылмайды.
Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан осы бағыттағы
әлемдік тәжірибені де зерделеген болатын.