ІІМ комитетінің экс-төрағасы Данияр Мейірханға сот үкімі шықты

© PhotoДанияр Мейірхан
Данияр Мейірхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Тағылған айып - Қылмыстық кодексінің 123-бабының 1-бөлігі "Жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлеу"
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірханға үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тағылған айып - Қылмыстық кодексінің 123-бабының 1-бөлігі "Жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлеу". Экс-полиция лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қызметкер әйелге қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға мәжбүрледі деп күдікке ілінген.
19 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Данияр Мейірханға қатысты үкім шығарды.
"Ол Қылмыстық кодекстің 123-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу жазасына кесілді", - дейді Астана соты.
Іс жабық сот отырысында қаралды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Алайда полицияның экс-қызметкері әлеуметтік желіде тағылған айыппен келіспейтінін жазды.
"Осы уақытқа дейін корпоративтік әдепті сақтап, сабырлылық пен құрмет танытып келдім. Алайда бәрінің де шегі бар. Енді менің де үн қататын кезім келді. Мен заң аясында, ашық әрі табанды түрде соңына дейін күресуге ниеттімін. Шындық үшін. Ар-намыс үшін. Әділдік үшін", - деп жазды Данияр Мейірхан.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұдан басқа да пікірін жазып, сот отырысына қатысты наразылығын білдірді.
Жаңалықтар
0