https://sputnik.kz/20261119/almatyda-zhedel-zhardem-qyzmetkerlerine-smart-beynezhetondar-taratyldy-68605005.html
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне смарт-бейнежетондар таратылды
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне смарт-бейнежетондар таратылды
Sputnik Қазақстан
Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі күн сайын шамамен 3-3,5 мың шақыртуға қызмет көрсетеді 19.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-19T17:46+0500
2026-11-19T17:46+0500
2026-11-19T17:49+0500
алматы
жедел жәрдем
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68604538_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_b6570e9076c8ae702205d9ec70e19815.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 468 смарт-бейнежетон таратылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.Жаңа құрылғылар шақырту кезінде орын алған жағдайды бейнетаспаға түсіреді. Қауіп төнген жағдайда дабыл сигналын жіберуге және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қосымша қорғауға мүмкіндік береді.Смарт-бейнежетондарда жазбалар бір ай сақталады. Ал тергеп-тексеру үшін қажетті материалдар екі жылға дейін сақталуы мүмкін.Жалпы Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі күн сайын шамамен 3-3,5 мың шақыртуға қызмет көрсетеді. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 196 көшпелі бригада жұмылдырылған.Айта кетері, биылдың өзінде жедел жәрдем қызметкерлеріне 11 рет шабуыл жасалған.
https://sputnik.kz/20261005/qazaqstandyqtar-endi-zhedel-zhardem-koligin-kartadan-onlayn-baqylay-alady-67336068.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68604538_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_878daff7a24f3ae5056fdc0866dfa85a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жедел жәрдем, денсаулық сақтау министрлігі
алматы, жедел жәрдем, денсаулық сақтау министрлігі
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне смарт-бейнежетондар таратылды
17:46 19.11.2026 (жаңартылды: 17:49 19.11.2026) Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі күн сайын шамамен 3-3,5 мың шақыртуға қызмет көрсетеді
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 468 смарт-бейнежетон таратылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңа құрылғылар шақырту кезінде орын алған жағдайды бейнетаспаға түсіреді. Қауіп төнген жағдайда дабыл сигналын жіберуге және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қосымша қорғауға мүмкіндік береді.
"Жалпы саны 468 бейнежетонның 378-і жедел медициналық жәрдем қызметінің көшпелі бригадасына, ал қалған 90-ы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының мобильді бригадасына берілді", - дейді министрлікте.
Смарт-бейнежетондарда жазбалар бір ай сақталады. Ал тергеп-тексеру үшін қажетті материалдар екі жылға дейін сақталуы мүмкін.
Жалпы Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі күн сайын шамамен 3-3,5 мың шақыртуға қызмет көрсетеді. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 196 көшпелі бригада жұмылдырылған.
Айта кетері, биылдың өзінде жедел жәрдем қызметкерлеріне 11 рет шабуыл жасалған.