https://sputnik.kz/20261118/turkistanda-ortalyq-aziyadagy-en-iri-bordaqylau-kesheni-ashyldy-68568887.html
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды
Sputnik Қазақстан
Нысан 50 мың бас малға арналған 18.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-18T22:51+0500
2026-11-18T22:51+0500
2026-11-18T22:51+0500
түркістан
мал
ет
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/12/68565558_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_29896b36c60003b0d2e692e5313cb6e1.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысында Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды.Өңірдің Қожатоғай ауылдық округіндегі жаңа бордақылау кешені жылына 50 мың басқа дейін ірі қара мал бордақылауға қауқарлы нысан. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі кешен.Кешен жемшөп дақылдарын өсіруден бастап мал бордақылау, сою, етті өңдеу және дайын өнімді өткізуге дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды.Жаңа кешен жылына 15 мың тоннаға дейін ет өндіруге мүмкіндік береді."Компаниялар тобының құрамында жылына 7,2 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу кәсіпорны мен қуаттылығы 46 мың тонналық құрамажем зауыты жұмыс істейді. Сонымен қатар 1,4 мың гектар алқапта жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, жемшөп дақылдарын өсіру және 12 мың бас малға арналған заманауи мал биржасын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.Бордақылау кешенін салу барысында Аустралия технологиялары қолданылды.Әкімдік хабарлауынша, 2024 жылдан бастап Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытудың аустралиялық моделінің жекелеген элементтерін енгізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл тәсіл мал өнімділігін арттыруға, өндіріс шығындарын азайтуға, бордақылау алаңдары мен мал саудасының заманауи инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
https://sputnik.kz/20261025/turkistan-oblysynda-maqta-ondeu-salasynda-tagy-eki-zauyt-ashyldy-67950604.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/12/68565558_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9a23a7002cd12e341a683bc535c6c744.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, мал, ет
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды
Нысан 50 мың бас малға арналған
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысында Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды.
Өңірдің Қожатоғай ауылдық округіндегі жаңа бордақылау кешені жылына 50 мың басқа дейін ірі қара мал бордақылауға қауқарлы нысан. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі кешен.
Кешен жемшөп дақылдарын өсіруден бастап мал бордақылау, сою, етті өңдеу және дайын өнімді өткізуге дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды.
Жаңа кешен жылына 15 мың тоннаға дейін ет өндіруге мүмкіндік береді.
"Компаниялар тобының құрамында жылына 7,2 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу кәсіпорны мен қуаттылығы 46 мың тонналық құрамажем зауыты жұмыс істейді. Сонымен қатар 1,4 мың гектар алқапта жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, жемшөп дақылдарын өсіру және 12 мың бас малға арналған заманауи мал биржасын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бордақылау кешенін салу барысында Аустралия технологиялары қолданылды.
Әкімдік хабарлауынша, 2024 жылдан бастап Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытудың аустралиялық моделінің жекелеген элементтерін енгізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл тәсіл мал өнімділігін арттыруға, өндіріс шығындарын азайтуға, бордақылау алаңдары мен мал саудасының заманауи инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.