https://sputnik.kz/20261118/qazaqstannyn-tsifrlyq-kartalary-otandyq-qajet-taksi-servisine-engiziledi-68506052.html
Қазақстанның цифрлық карталары отандық Qajet такси сервисіне енгізіледі
Қазақстанның цифрлық карталары отандық Qajet такси сервисіне енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Болашақта бұл мүмкіндіктерді такси агрегаторлары, жеткізу қызметтері, логистикалық компаниялар және басқа да цифрлық платформалар пайдалана алады 18.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-18T08:23+0500
2026-11-18T08:23+0500
2026-11-18T08:23+0500
такси
такси жүргізушісі
https://sputnik.kz/img/1146/76/11467604_0:0:3154:1774_1920x0_80_0_0_f6fd99fcf0f7a4439d3fedb0c7739e68.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Отандық картографиялық деректер мен геосервистерді қазақстандық Qajet такси шақыру сервисіне интеграциялау мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.Бастама мемлекеттік цифрлық картографиялық негізді бизнес саласында іс жүзінде қолдануға және Қазақстанның өз навигациялық технологияларын дамытуға бағытталған.Жоба аясында не жоспарланған?Интеграция аясында Қазгеодезияның цифрлық карталарын пайдалану, сондай-ақ мекенжайларды іздеу, геокодтау және маршруттарды құру мүмкіндіктерін дамыту жоспарланып отыр.Жобаның технологиялық негізін Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымы (КДҰИ) аясында қалыптастырылған картографиялық деректер мен Қазгеодезияның цифрлық картография және навигация саласындағы жеке әзірлемелері құрайды.Отырыс барысында жол желісі туралы мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз етуге, мекенжайлар мен нысандардың орналасқан жерін дәл анықтауға, сондай-ақ картографиялық ақпаратты тұрақты түрде жаңартып отыруға ерекше назар аударылды.Жоба неліктен маңызды?Qajet сервисімен интеграциялау мемлекетке, бизнеске және азаматтарға қолжетімді қазақстандық цифрлық карталар мен навигациялық сервистер экожүйесін қалыптастыру жолындағы нақты қадамдардың бірі ретінде қарастырылады.Алдағы уақытта мұндай шешімдерді такси агрегаторлары, жеткізу қызметтері, логистикалық компаниялар және басқа да цифрлық платформалар пайдалана алады.
https://sputnik.kz/20261006/myndagan-taksi-zhurgizushisi-men-kurer-salyq-toley-bastady--qarzhy-ministri-67347090.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1146/76/11467604_211:0:2942:2048_1920x0_80_0_0_c581dce7184b11720cf39f099bffda71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, такси жүргізушісі
Қазақстанның цифрлық карталары отандық Qajet такси сервисіне енгізіледі
Болашақта бұл мүмкіндіктерді такси агрегаторлары, жеткізу қызметтері, логистикалық компаниялар және басқа да цифрлық платформалар пайдалана алады
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Отандық картографиялық деректер мен геосервистерді қазақстандық Qajet такси шақыру сервисіне интеграциялау мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
"Министрлік "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" РМК-ның (Қазгеодезия) цифрлық карталары мен геосервистерін коммерциялық сервисте пайдалану мүмкіндігін пысықтап жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бастама мемлекеттік цифрлық картографиялық негізді бизнес саласында іс жүзінде қолдануға және Қазақстанның өз навигациялық технологияларын дамытуға бағытталған.
Жоба аясында не жоспарланған?
Интеграция аясында Қазгеодезияның цифрлық карталарын пайдалану, сондай-ақ мекенжайларды іздеу, геокодтау және маршруттарды құру мүмкіндіктерін дамыту жоспарланып отыр.
"Бұл отандық геосервистерді жолаушылар тасымалының нақты жағдайларында сынақтан өткізіп, оларды одан әрі кеңінен қолдану мүмкіндігін бағалауға жол ашады", - деп жазылған хабарламада.
Жобаның технологиялық негізін Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымы (КДҰИ) аясында қалыптастырылған картографиялық деректер мен Қазгеодезияның цифрлық картография және навигация саласындағы жеке әзірлемелері құрайды.
Отырыс барысында жол желісі туралы мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз етуге, мекенжайлар мен нысандардың орналасқан жерін дәл анықтауға, сондай-ақ картографиялық ақпаратты тұрақты түрде жаңартып отыруға ерекше назар аударылды.
Qajet сервисімен интеграциялау мемлекетке, бизнеске және азаматтарға қолжетімді қазақстандық цифрлық карталар мен навигациялық сервистер экожүйесін қалыптастыру жолындағы нақты қадамдардың бірі ретінде қарастырылады.
Алдағы уақытта мұндай шешімдерді такси агрегаторлары, жеткізу қызметтері, логистикалық компаниялар және басқа да цифрлық платформалар пайдалана алады.