Петрпавлдағы жаңа логистикалық хабта Ozon мен Alibaba тауарлары сақталады

© Акимат Северо-Казахстанской областиАким Северо-Казахстанской области Гауез Нурмухамбетов провел переговоры с инвесторами из ОАЭ
Аким Северо-Казахстанской области Гауез Нурмухамбетов провел переговоры с инвесторами из ОАЭ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
KYZYLZHAR HUB халықаралық көлік-логистикалық кешенінің құрылысына 29 млрд теңгеден астам инвестиция салу жоспарланып отыр
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Петропавлда 102 мың шаршы метрді құрайтын ірі логистикалық орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Петропавлдағы бұл KYZYLZHAR HUB халықаралық көлік-логистикалық кешенінің құрылысына 29 млрд теңгеден астам инвестиция салу жоспарланып отыр.
"Жоба аясында тауарларды сақтау, өңдеу және таратуға арналған заманауи инфрақұрылым, оның ішінде Ozon және Alibaba сияқты ірі электрондық сауда алаңдарының тауарларымен жұмыс істеуге арналған нысандар құру көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Осы орайда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Royal Investment International компаниясының құрылтайшысы Марат Салиховпен келіссөздер жүргізді.
"Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвесторлар жобаның тұжырымдамасын таныстырды. Болашақ кешеннің жалпы аумағы 102 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды сақтауға арналған мамандандырылған қоймалар, жүктерді қайта тиеу аймақтары, сондай-ақ кеңсе ғимараттары орналастырылады", - дейді әкімікте.
Wildberries - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Қазақстанда Wildberries-тің қосымша қойма орындары ашыла ма - министрлік жауабы
Жаңалықтар
0