Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Канада Украинаға әскери көмек көрсету үшін қосымша қаражат бөледі

© РИА Новости / Медиабанкке өтуФлаг Канады
Флаг Канады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
Канада Украинаға 250 мың жеке азық-түлік жиынтығын жеткізуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Канада үкіметі Украинаға әскери көмек көрсету бағдарламалары аясында қосымша қаражат бөлетінін жариялады. Бұл туралы Канада үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылған.
"Канада Чехияның оқ-дәрі бастамасы аясында 45 миллион канадалық доллар (шамамен 31,5 миллион АҚШ доллары – ред.) бөледі. Осылайша, Канаданың аталған бастамаға бөлген жалпы қаражаты 500 миллион канадалық доллардан (шамамен 349,7 миллион АҚШ доллары) асады. Бұл қаражат Украинаға басымдық берілген ұзақ қашықтыққа арналған оқ-дәрілер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне қажетті маңызды жабдықтарды жеткізуге жұмсалады", – делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, Украинаға арналған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің сенсорлық жабдықтарын сатып алуға 80 миллион канадалық доллар (шамамен 56 миллион АҚШ доллары) бөлу жоспарланып отыр.
Тағы 30 миллион канадалық доллар (шамамен 21 миллион АҚШ доллары) қысқы киім-кешек пен қажетті жабдықтарды сатып алуға бағытталады. Оның ішінде қысқы етік, күртеше, жылу сақтайтын іш киім және ұйықтайтын қаптар бар.
Бұдан бөлек, Канада Украинаға 250 мың жеке азық-түлік жиынтығын жеткізуді жоспарлап отыр.
"Бұл қаражат Украина армиясының басымдыққа ие жедел қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектеседі. Атап айтқанда, әуе шабуылына қарсы қорғаныс мүмкіндіктерін нығайтуға, әскери операцияларды қолдауға және күрделі далалық жағдайда қызмет етіп жүрген әскери қызметшілерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген құжатта.
Киев қаласындағы Украина Үкіметінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина шетелден 212 млрд долларға жуық қаржы алған
Жаңалықтар
0