Астанада 562 млн теңге жинаған қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, финансы, Финансовая пирамида
Монеты, финансы, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
Қарыз алудың басты шарттарының бірі кооперативке жаңа мүшелер тарту болған
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Астанада "Buyers Union" қаржы пирамидасының жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген 5 адамға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдіктілер өз қызметін заңды етіп көрсету үшін тұтыну кооперативі мәртебесін пайдаланған. Ірі бизнес орталықтарынан кеңселер жалдап, өңірлерде бөлімшелер ашқан.
Кеңселер желісі Астана, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Тараз, Шу, Алматы, Шымкент қалаларында және басқа да елді мекендерде жұмыс істеген.
"Әлеуметтік желілер мен интернет платформаларында азаматтарға баспана немесе автокөлік сатып алу үшін "пайызсыз" қарыз алу, қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру немесе Trade-in бағдарламаларын пайдалану мүмкіндігі жарнамаланған", - дейді агенттік.
Алайда қарыз алудың басты шарттарының бірі кооперативке жаңа мүшелер тарту болған. Азаматтар бастапқы үлестік жарнасын төлегеннен кейін кезекке тұрған. Ал кезектің жылжуы жаңадан қосылған қатысушылардың қанша ақша салғанына байланысты болған.
Кооператив мүшелерімен жұмыс істеу үшін "TrustContact" және "TrustMe" цифрлық платформалары пайдаланылған. Олар арқылы келісімшарттарды онлайн жасасуға, жеке кабинетке кіруге, салған қаражатты және кезектің жылжуын бақылауға мүмкіндік берілген.
Осылайша 332 азаматпен жалпы сомасы 562 млн теңгеден асатын келісімшарттар жасалған. Соттың рұқсатымен 6 автокөлікке, 5 513 USDT және 1 003 Futeres көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Алматыда 300-ге жуық адамды сан соқтырған қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды
Жаңалықтар
0