https://sputnik.kz/20261118/alayaqtarga-2-mln-tenge-audarmaq-bolgan-boyzhetkendi-politseyler-toqtatty-68538411.html
Алаяқтарға 2 млн теңге аудармақ болған бойжеткенді полицейлер тоқтатты
Алаяқтарға 2 млн теңге аудармақ болған бойжеткенді полицейлер тоқтатты
Sputnik Қазақстан
Белгісіз адамдар оған психологиялық қысым көрсетіп, ақшасының ұрланған қаражат болуы мүмкін екеніне сендірген 18.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-18T14:18+0500
2026-11-18T14:18+0500
2026-11-18T14:18+0500
павлодар облысы
алаяқтық
бойжеткен
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Павлодарда полицейлер бойжеткенді алаяқтардың арбауынан құтқарып қалды. Қыз белгісіз адамдардың нұсқауымен 2 млн теңгені бөгде шотқа аудармақ болған. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті хабарлады.Оқиға облыс орталығында болған. Камзин көшесінің бойында патрульдік қызмет атқарып жүрген полиция батальонының қызметкерлері жылап келе жатқан қызды байқайды. Ол полицейлерге 2 млн теңгені белгілі бір шотқа аударып, ақшаның өзіне тиесілі екенін "дәлелдеуі" қажет екенін айтқан.Капитан Дархан Мақажанов пен капитан Еламан Кәрімов бойжеткенмен сөйлесіп, оның алаяқтардың арбауына түскенін анықтаған.Қыздың айтуынша, белгісіз адамдар оған психологиялық қысым көрсетіп, ақшасының ұрланған қаражат болуы мүмкін екеніне сендірген.Алаяқтардың сөзіне сенген қыз қатты қобалжып, 2 млн теңгені олар көрсеткен шотқа аудару үшін банкке бет алған.Айта кетері, Павлодар облысында интернет-алаяқтықтың 1337 дерегі тіркелген."Anti-fraud" және "Hi-Tech" жедел профилактикалық іс-шаралары аясында SIM-карталарды заңсыз іске қосумен және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан адамдар ұсталды. Заңсыз айналымнан 120-дан астам мобильді құрылғы, 500 абоненттік SIM-карта, 39 банк картасы және екі SIM-box құрылғысы тәркіленді.Жалпы, интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 33 адам ұсталды. Олардың үшеуі – кәмелетке толмағандар.
https://sputnik.kz/20261115/iim-whatsapp-arqyly-zhasalatyn-alayaqtyq-turaly-eskertti-68465468.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, алаяқтық, бойжеткен
павлодар облысы, алаяқтық, бойжеткен
Алаяқтарға 2 млн теңге аудармақ болған бойжеткенді полицейлер тоқтатты
Белгісіз адамдар оған психологиялық қысым көрсетіп, ақшасының ұрланған қаражат болуы мүмкін екеніне сендірген
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Павлодарда полицейлер бойжеткенді алаяқтардың арбауынан құтқарып қалды. Қыз белгісіз адамдардың нұсқауымен 2 млн теңгені бөгде шотқа аудармақ болған. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға облыс орталығында болған. Камзин көшесінің бойында патрульдік қызмет атқарып жүрген полиция батальонының қызметкерлері жылап келе жатқан қызды байқайды. Ол полицейлерге 2 млн теңгені белгілі бір шотқа аударып, ақшаның өзіне тиесілі екенін "дәлелдеуі" қажет екенін айтқан.
Капитан Дархан Мақажанов пен капитан Еламан Кәрімов бойжеткенмен сөйлесіп, оның алаяқтардың арбауына түскенін анықтаған.
Қыздың айтуынша, белгісіз адамдар оған психологиялық қысым көрсетіп, ақшасының ұрланған қаражат болуы мүмкін екеніне сендірген.
"Алдымен белгісіз адам қоңырау шалып, SIM-картамның қолданылу мерзімін ұзарту қажеттігін айтып, SMS арқылы келген кодты сұрады. Кейін менің нөмірім арқылы екі шот ашылғанын және оған алаяқтардың ақша аударып жатқанын хабарлады. Олар барлық жинаған қаражатымның өзіме тиесілі екенін дәлелдеуім керектігін, әйтпесе бас бостандығымнан айырылуым мүмкін екенін айтты", – дейді бойжеткен.
Алаяқтардың сөзіне сенген қыз қатты қобалжып, 2 млн теңгені олар көрсеткен шотқа аудару үшін банкке бет алған.
"Жолда полицейлер кездесіп, мені тыңдап, сабырға шақырды. Олар дереу тексеру жүргізіп, банк ұйымдарымен байланысқа шықты. Нәтижесінде менің атыма ешқандай кредиттік міндеттеме рәсімделмегені анықталды. Сонымен қатар алаяқтардың әрекетінен қорғану үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы "Стоп-кредит" қызметін қосуға көмектесті", – деді қала тұрғыны.
Айта кетері, Павлодар облысында интернет-алаяқтықтың 1337 дерегі тіркелген.
"Anti-fraud" және "Hi-Tech" жедел профилактикалық іс-шаралары аясында SIM-карталарды заңсыз іске қосумен және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан адамдар ұсталды. Заңсыз айналымнан 120-дан астам мобильді құрылғы, 500 абоненттік SIM-карта, 39 банк картасы және екі SIM-box құрылғысы тәркіленді.
Жалпы, интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 33 адам ұсталды. Олардың үшеуі – кәмелетке толмағандар.