https://sputnik.kz/20261117/ush-qoldy-ata-ana-petropavldagy-banner-kopshilik-konilinen-shyqpay-qaldy-68516753.html
"Үш қолды ата-ана": Петропавлдағы баннер көпшілік көңілінен шықпай қалды
"Үш қолды ата-ана": Петропавлдағы баннер көпшілік көңілінен шықпай қалды
Sputnik Қазақстан
Бұл баннер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау орталығының жанында орналасқан 17.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-17T16:51+0500
2026-11-17T16:51+0500
2026-11-17T16:52+0500
петропавл
баннер
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/11/68516592_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_25a09dd26ac2f8257a5e0909abe8534b.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Петропавлда көшеге ілінген баннер көпшіліктің көңілінен шықпай қалды. Өйткенді онда салынған сурет "біртүрлі" болып көрінген. Қалалық әкімдік осыған байланысты түсініктеме берді.Суретте әкесі, анасы және олардың ортасында тұрған кішкентай қыз бейнеленген.Ата-анасы бір қолымен қыздың қолынан ұстап, екінші қолдарын аспанға көтеріп қорған болып тұр. Алайда ата-ананың үшінші қолы да бейнеленген. Үш қолды ата-ана петропавлдықтарға ұнамай қалды.Бұл баннер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау орталығының жанында орналасқан.Әкімдік мамандарының айтуынша, суретті тікелей қабылдамау керек, ол - суретшінің көркемдік тәсілі.Автордың көркемдік идеясы екіұшты қабылданғандықтан, баннерді ауыстыру туралы шешім қабылданды, дейді әкімдікте. Қысқасы, үш қолды ата-ана тұрғындарға жақпағандықтан алынып тасталатын болды.
https://sputnik.kz/20261024/petropavlda-zhigitpen-suyiskisi-kelmegen-qyz-zhurip-bara-zhatqan-kolikten-sekirip-ketti-67929789.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/11/68516592_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_800637a67059a9d048a8ddfd2ead8efe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, баннер, әкімдік
петропавл, баннер, әкімдік
"Үш қолды ата-ана": Петропавлдағы баннер көпшілік көңілінен шықпай қалды
16:51 17.11.2026 (жаңартылды: 16:52 17.11.2026) Бұл баннер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау орталығының жанында орналасқан
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Петропавлда көшеге ілінген баннер көпшіліктің көңілінен шықпай қалды. Өйткенді онда салынған сурет "біртүрлі" болып көрінген. Қалалық әкімдік осыған байланысты түсініктеме берді.
Суретте әкесі, анасы және олардың ортасында тұрған кішкентай қыз бейнеленген.
Ата-анасы бір қолымен қыздың қолынан ұстап, екінші қолдарын аспанға көтеріп қорған болып тұр. Алайда ата-ананың үшінші қолы да бейнеленген. Үш қолды ата-ана петропавлдықтарға ұнамай қалды.
Бұл баннер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау орталығының жанында орналасқан.
Әкімдік мамандарының айтуынша, суретті тікелей қабылдамау керек, ол - суретшінің көркемдік тәсілі.
"Қолдау орталығы осы қыркүйекте ашылды. Орталықтың қызметі өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл қате емес, автордың көркемдік техникасы. Осылайша дизайнер отбасын қорғау және ата-ананың бір мезетте бірнеше істі атқару идеясын көрсеткісі келді", - дейді Петропавл қаласының әкімдігінде.
Автордың көркемдік идеясы екіұшты қабылданғандықтан, баннерді ауыстыру туралы шешім қабылданды, дейді әкімдікте. Қысқасы, үш қолды ата-ана тұрғындарға жақпағандықтан алынып тасталатын болды.