https://sputnik.kz/20261117/student-olimi-gylym-zhane-zhogary-bilim-ministrligi-qazuu-ga-keshendi-tekseru-zhurgizedi-68515516.html
Студент өлімі: Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізеді
Студент өлімі: Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізеді
Sputnik Қазақстан
Тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша шаралар әзірленетін болады 17.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-17T15:38+0500
2026-11-17T15:38+0500
2026-11-17T15:45+0500
алматы
студент
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59834040_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_058b75ee74a3310d52e5932bfc503773.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттің өлімінен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кешенді тексеру жүргізеді.Министрлік мәліметінше, жанжалды жағдайларды анықтау мен алдын алудың, студенттердің өтініштеріне уақтылы ден қоюдың және оларға психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы тетіктеріне ерекше назар аударылатын болады.Айта кетері, бұдан бөлек Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, прокуратура, Полиция департаменті, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы өкілдерінің, кәсіби психологтар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.Тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша шаралар әзірленетін болады.Еске сала кетейік, 16 қарашаға қараған түні оқу орнының жатақханасында студент Дауыл Бәкіртай қаза болды. Ол 1 курста оқыған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.Осы оқиғадан кейін проректор мен декан қызметінен босатылды.
https://sputnik.kz/20261117/qazuu-de-student-koz-zhumdy-tuystary-qaygyly-oqiganyn-man-zhayyn-aytyp-berdi-68500944.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59834040_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_78c9b634641240925a40c04a89c55883.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, студент, тексеріс
алматы, студент, тексеріс
Студент өлімі: Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізеді
15:38 17.11.2026 (жаңартылды: 15:45 17.11.2026) Тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша шаралар әзірленетін болады
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттің өлімінен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кешенді тексеру жүргізеді.
"ҚазҰУ-ға мониторингтік топ жіберіліп, онда студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғау бөлігінде заңнама мен ішкі құжаттар талаптарының сақталуы зерделенеді, сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігі бағаланады", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, жанжалды жағдайларды анықтау мен алдын алудың, студенттердің өтініштеріне уақтылы ден қоюдың және оларға психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы тетіктеріне ерекше назар аударылатын болады.
Айта кетері, бұдан бөлек Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, прокуратура, Полиция департаменті, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы өкілдерінің, кәсіби психологтар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша шаралар әзірленетін болады.
Еске сала кетейік, 16 қарашаға қараған түні оқу орнының жатақханасында студент
Дауыл Бәкіртай қаза болды. Ол 1 курста оқыған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Осы оқиғадан кейін проректор мен декан қызметінен босатылды.