Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей, АҚШ және Украина арасындағы диалог міндетті түрде жалғасады - Лавров

© МИД РоссииСергей Лавров
Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
Дипломат қазір болып жатқан оқиғалар туралы жалған түсінік қалыптастыратын ешқандай мәлімдеме жасалмайтынын айтты
АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Ресей-АҚШ-Украина диалогы міндетті түрде жалғасады, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Біз қазір болып жатқан оқиғалар туралы жалған түсінік қалыптастыратын ешқандай мәлімдеме жасамаймыз. Ондай мәлімдемелер Ресей-АҚШ-Украина форматында міндетті түрде жалғасатын ашық диалогқа кедергі келтіруі мүмкін", - деді ресейлік министр ХХІ Шығыс Азия саммитінен (ШАС) кейінгі баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөз Абу-Дабиде 10-11 қарашада өтті.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың айтуынша, Әбу-Дабидегі кездесуге қатысушылар күн тәртібіндегі Украина бойынша мәселенің барлығын әртүрлі форматтарда мұқият пысықтады.
Ресей президенті Владимир Путин бейсенбі күні Кремльде АҚШ президентінің елшілері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен кездесті.
Мәскеудегі кездесуден кейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков еуропалық елдер Украина бойынша келіссөздерге қосылуға тырысып жатқанын, бірақ олар соғысты немесе бейбітшілікті қалайтынын шешуі керек екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ әзірге Еуропаның барлық практикалық әрекеті қақтығысты жалғастыруға деген ұмтылысты көрсететінін айтты
Астана готова к проведению очередной сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Армениядан ҰҚШҰ құрамынан шығу туралы ресми өтініш түскен жоқ - Лавров
Жаңалықтар
0