"Құжаттар постаматта тәулік бойы беріледі": министрлік жаңа форматтағы ХҚКО-ларды көрсетті

В Казахстане открываются AI ЦОНы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа форматтағы ХҚКО-ларды көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді үйден онлайн форматта алуға үйренді. Осыған байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының тұжырымдамасы қайта қаралды. Бұдан былай ХҚКО-лар ортақ кезексіз, ашық әрі жайлы кеңістіктерге айналады. Қажетті терезені іздеп, операторды күтудің қажеті жоқ. Арнайы терминалда қызметті өз бетінше алуға болады.
Бүгінде жаңа форматтағы ХҚКО-лар Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сәтбаев, Орал, Петропавл, Қарағанды және Тараз қалаларында ашылған.
Цифрлық кеңістік үш аймаққа бөлінген:
біріншісі 70%-ын алып отыр және жедел қызмет көрсетуге бағытталған. Мұнда азаматтар eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады;
20%-ын сараптамалық аймақ құрайды. Мұнда консультанттар азаматтарға цифрлық сервистерді пайдалануға және қажетті рәсімдерден өтуге көмектеседі;
10%-ы оқу аймағына бөлінген. Мұнда арнайы оқу сыныбында цифрлық сауаттылықты арттыру және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
"Жаңа форматтың негізгі құралы – eGov GPT интеллектуалды көмекшісі. Ол диалог форматында азаматқа қажетті қызметті анықтауға, келесі қадамдарды түсіндіруге және қызметті онлайн рәсімдеуді соңғы нәтижеге дейін сүйемелдеуге көмектеседі", - дейді министрлік мамандары.
Әр цифрлық кеңседе консультанттар жұмыс істейді. Сонымен қатар кеңселерде жайлы күту аймағы қарастырылған. Алдағы уақытта дайын құжаттарды постамат арқылы алуға мүмкіндік беретін тәулік бойы жұмыс істейтін аймақты іске қосу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Тоқаевқа жасанды интеллект саласындағы жаңа жобалар таныстырылды
Жаңалықтар
0