https://sputnik.kz/20261117/qostanayda-oqushylar-qatarlasyna-seksualdyq-areket-zhasady-degen-kudikke-ilindi-68520858.html
Қостанайда екі жеткіншек бесінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
Қостанайда екі жеткіншек бесінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Анасының айтуынша, балаға қатысты сексуалдық әрекет бірнеше рет болған 17.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-17T18:35+0500
2026-11-17T18:35+0500
2026-11-17T18:51+0500
оқушы
қостанай
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/11/49338907_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_489637a2ce342e3097c48b3bd88c5863.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылында оқушыға қатарластары сексуалды әрекет жасады деген күдікке ілінді. Жәбір көрген баланың анасы оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.Үйдегі баланың түздегі жағдайын анасы мектеп мұғалімдері мен полиция қызметкерлерінен естіген.Бұл кешкі сағат тоғыз шамасы. Мектепке келгенде директордың бөлмесінде бірнеше маман отырған. Олар Альбинаға балаға қатысты анонимді звонок түскенін айтқан."Олар "сіздің ұлыңызға сексуалды әрекет жасалыпты" деді. Мен аңтарылып тұрып қалдым. "Оқиғаны көріп қалған бала анасына айтсам ба, жоқ па деп екі күн ойланып жүрген. Бізге сол баланың анасы хабарласып айтты" дейді мұғалімдер. Қысқасы, 6-сыныптың екі оқушысы менің 5-сынып оқитын ұлымды әжетханаға кіргізіп алып жасаған. Бұл оқиғаны 10 сыныптың оқушысы көріп қалады. Оның анасы мектеп директорына, кейіннен маған хабарласып, бәрін айтып берді", - дейді Альбина.Мектеп кабинетіндегі полиция инспекторлары мен мектеп басшылығы Альбинаға "арыз жазсаңыз да, бас тартсаңыз да, өз еркіңіз" деген. Альбина бірден шулатып, шағымдануды жөн көрмеген."Жәбір көрсетті деген баланың бірі – танысымыздың баласы, әке-шешесі сол мектепте мұғалім болып қызмет етеді. Мен жалпы ешқайсысына арыз жазып, мазасын алсам деген ой болған жоқ. Келесі күні мекепке тағы шақырды. Ол кезде жаңағы балалардың ата-аналарын да шақыртыпты. Баласының кінәлі екендерін біліп, екі әйел балаларын ұрып, азан-қазан болып кеттік. Тіпті естерінен танып құлап жатты. Мен басым бәлеге қала ма деп өзім шошып кеттім", - дейді жәбір көрген оқушының анасы.Альбина бұл ауылға тамыз айында көшіп келген. Ал балаға қатысты сексуалдық әрекет бірнеше рет болған.Анасы баласының ақша ұрлауына да жаңағы балалар себепкер болғанын да айтты."Ақша да ұрлатқан. Бір күні баламның қалтасынан ақша тауып алдым, ол маған сыныптастарынан ұрлап алғанын айтты. Ол кезде балама ұрсып, тыйым салдым. Осы жолы бәрі мәлім болғанда сол балалардың ақша ұрлатып жүргенін балам өзі мойындады. Кінәлі балалар да, заңды өкілдері де лайықты жазасын алсын. Басқа балалар бұлай зардап шекпесін", - дейді ол.Осы жағдайға қатысты Қостанай облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады."Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдайлар мұқият тексеріледі. Біз мерзімінен бұрын қорытынды жасамауды талап етеміз, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке қарастырылғанын еске саламыз", - дейді полицияда.Тергеу жалғасып жатыр.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/11/49338907_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_c044b393ff3a83f094ea313e03bf2608.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
оқушы, қостанай, зорлық-зомбылық
оқушы, қостанай, зорлық-зомбылық
Қостанайда екі жеткіншек бесінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
18:35 17.11.2026 (жаңартылды: 18:51 17.11.2026) Анасының айтуынша, балаға қатысты сексуалдық әрекет бірнеше рет болған
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылында оқушыға қатарластары сексуалды әрекет жасады деген күдікке ілінді. Жәбір көрген баланың анасы оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Үйдегі баланың түздегі жағдайын анасы мектеп мұғалімдері мен полиция қызметкерлерінен естіген.
"Кешке жұмыстан ерте келіп жатып қалған ем, біреу есік қақты. Мектептің әлеуметтік педагогі мен полиция инспекторы келіп тұр екен. "Сіздің 5-сынып оқитын балаңыздың мәселесімен келдік, мектепке жүріңіз" деді. Ашып ешнәрсе айтпады. Мен мектепте төбелес болды ма екен деп ойладым", - дейді жәбір көрген баланың анасы Альбина.
Бұл кешкі сағат тоғыз шамасы. Мектепке келгенде директордың бөлмесінде бірнеше маман отырған. Олар Альбинаға балаға қатысты анонимді звонок түскенін айтқан.
"Олар "сіздің ұлыңызға сексуалды әрекет жасалыпты" деді. Мен аңтарылып тұрып қалдым. "Оқиғаны көріп қалған бала анасына айтсам ба, жоқ па деп екі күн ойланып жүрген. Бізге сол баланың анасы хабарласып айтты" дейді мұғалімдер. Қысқасы, 6-сыныптың екі оқушысы менің 5-сынып оқитын ұлымды әжетханаға кіргізіп алып жасаған. Бұл оқиғаны 10 сыныптың оқушысы көріп қалады. Оның анасы мектеп директорына, кейіннен маған хабарласып, бәрін айтып берді", - дейді Альбина.
Мектеп кабинетіндегі полиция инспекторлары мен мектеп басшылығы Альбинаға "арыз жазсаңыз да, бас тартсаңыз да, өз еркіңіз" деген. Альбина бірден шулатып, шағымдануды жөн көрмеген.
"Жәбір көрсетті деген баланың бірі – танысымыздың баласы, әке-шешесі сол мектепте мұғалім болып қызмет етеді. Мен жалпы ешқайсысына арыз жазып, мазасын алсам деген ой болған жоқ. Келесі күні мекепке тағы шақырды. Ол кезде жаңағы балалардың ата-аналарын да шақыртыпты. Баласының кінәлі екендерін біліп, екі әйел балаларын ұрып, азан-қазан болып кеттік. Тіпті естерінен танып құлап жатты. Мен басым бәлеге қала ма деп өзім шошып кеттім", - дейді жәбір көрген оқушының анасы.
Альбина бұл ауылға тамыз айында көшіп келген. Ал балаға қатысты сексуалдық әрекет бірнеше рет болған.
"Мұндай оқиға үш рет болған. Бірінші рет моншада болған, балалар монша жағамыз деп алдап апарып, балама сол жерде тиіскен. Екінші рет ауылдағы айдалада тұрған әжетханада болған. Үшінші рет мектеп әжетханасында болған. Екі-үш бала тиісіп жүрген. Балама "ешкімге айтпа, айтсаң, ұрамыз" деп қорқытқан", - дейді оқушының анасы.
Анасы баласының ақша ұрлауына да жаңағы балалар себепкер болғанын да айтты.
"Ақша да ұрлатқан. Бір күні баламның қалтасынан ақша тауып алдым, ол маған сыныптастарынан ұрлап алғанын айтты. Ол кезде балама ұрсып, тыйым салдым. Осы жолы бәрі мәлім болғанда сол балалардың ақша ұрлатып жүргенін балам өзі мойындады. Кінәлі балалар да, заңды өкілдері де лайықты жазасын алсын. Басқа балалар бұлай зардап шекпесін", - дейді ол.
Осы жағдайға қатысты Қостанай облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдайлар мұқият тексеріледі. Біз мерзімінен бұрын қорытынды жасамауды талап етеміз, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке қарастырылғанын еске саламыз", - дейді полицияда.