Қазақстан мен Орынбор облысының өзара сауда көлемі 640 млн доллардан асты
17:02 17.11.2026 (жаңартылды: 17:03 17.11.2026)

© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі
Жазылу
Орынбор облысы – Қазақстанның негізгі шекара маңындағы әріптестерінің бірі
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады, деп хабарлады Үкімет.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және өңіраралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады
© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы шамамен 27 млрд долларға жетті. Қазіргі таңда мемлекеттер басшылары алға қойған міндеті – тауар айналымын 30 млрд долларға дейін жеткізуге жақындап келеміз. Орынбор облысына келер болсақ, биылғы көрсеткіштер көңіл қуантады, өзара сауда көлемі артып келеді, 640 млн доллардан астамы Орынбор облысына тиесілі", — деді Олжас Бектенов.
Орынбор облысының губернаторы сауда-экономикалық қатынастардың тұрақты түрде нығайып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Орынбор облысының барлық әріптес өңірмен жиынтық сыртқы сауда айналымының шамамен 20%-ы немесе бестен бір бөлігі Қазақстанның үлесіне тиесілі.

Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады
© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі
"Біз сіздерге ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіптік тауарлар жеткіземіз, Қазақстаннан кабельдік және химиялық өнімдерді, азық-түлік өнімдерін, тұтыну тауарларын аламыз. Жыл сайын өткізу пункттері арқылы жолаушылар мен жүк ағындары артып келеді. Өнеркәсіптік кооперация ерекше маңызға ие. Біз АӨК саласындағы экономикалық байланыстарымызды едәуір нығайта алатынымызға сенімдімін", — деді Евгений Солнцев.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға бірлескен бастамаларды жүзеге асыру кезінде қажетті жәрдем көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берілді.
Айта кетері, Орынбор облысы – Қазақстанның негізгі шекара маңындағы әріптестерінің бірі. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы облыспен Қазақстан өңірлерінің тауар айналымы 13,7%-ға өсіп, 641,7 млн долларға жетті, осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде бұл көрсеткіш 400,5 млн долларды құрады.
