https://sputnik.kz/20261117/qazaqstan-kaspiy-tenizin-saqtau-ushin-gylymi-kush-zhigerdi-biriktiruge-shaqyrdy-68502619.html
Қазақстан Каспий теңізін сақтау үшін ғылыми күш-жігерді біріктіруге шақырды
Қазақстан Каспий теңізін сақтау үшін ғылыми күш-жігерді біріктіруге шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстан COP31 климаттық конференциясы аясында Каспийдің экожүйесін сақтау мақсатында теңіз маңындағы мемлекеттердің ғылыми... 17.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-17T09:17+0500
2026-11-17T09:17+0500
2026-11-17T09:17+0500
каспий теңізі
экология
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14538689_0:196:2730:1732_1920x0_80_0_0_54766cbb737f36e4fd6eb019dee32062.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстан COP31 климаттық конференциясы аясында Каспийдің экожүйесін сақтау мақсатында теңіз маңындағы мемлекеттердің ғылыми ынтымақтастығын нығайту, бірлескен экологиялық мониторинг жүргізу және деректер алмасуды дамыту бастамасын көтерді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Жағалау сызығының динамикасына жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, соңғы 25 жылда Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі акваториясының ауданы 16 мың шаршы шақырымнан астамға қысқарған.Климаттың өзгеруі, теңіз ортасының ластануы және биоалуантүрліліктің азаюы бүкіл өңірдің теңіз және жағалау экожүйелеріне төнетін қауіп-қатерді күшейтіп отыр.Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев болып жатқан өзгерістердің ауқымы нақты ғылыми деректер мен кешенді зерттеулерге негізделген бірлескен шешімдерді талап ететінін атап өтті.Ошурбаевтың айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының қызметі теңіз ортасын кешенді зерттеуге және Каспий экожүйесін сақтау жөніндегі шараларды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған.Қазақстан институттың әлеуетін арттыруға және оның өңірдегі бейінді ғылыми мекемелермен белсенді ынтымақтастығын дамытуға мүдделі.Пікірталас барысында Каспий маңы бес мемлекетінің экологиялық ынтымақтастығына негіз болып келе жатқан Тегеран конвенциясы аясындағы өңірлік өзара іс-қимылға да ерекше назар аударылды.Қатысушылар теңіз ортасының ластануын болдырмау, биоалуантүрлілікті сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді шешімдерін әзірлеу бағыттарындағы ғылыми зерттеулердің рөлін қарастырды.Қазақстан Каспий теңізін сақтау жөніндегі ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ортақ келісілген тәсілдерді әзірлеуге мүдделі екенін білдірді.
https://sputnik.kz/20261021/synama-alu-mumkin-emes-kaspiy-zhagalauynan-173-balyqtyn-oleksesi-tabyldy-67800226.html
каспий теңізі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14538689_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_2973c1e007c0164db07faede217f9d8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий теңізі, экология
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстан COP31 климаттық конференциясы аясында Каспийдің экожүйесін сақтау мақсатында теңіз маңындағы мемлекеттердің ғылыми ынтымақтастығын нығайту, бірлескен экологиялық мониторинг жүргізу және деректер алмасуды дамыту бастамасын көтерді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
"Бұл мәселелер Әзербайжан павильонында өткен "Каспий теңізі: қоршаған ортаны қорғау жолындағы ғылым және өңірлік ынтымақтастық" атты халықаралық пікірталас барысында талқыланды", - деп жазылған хабарламада.
Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Жағалау сызығының динамикасына жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, соңғы 25 жылда Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі акваториясының ауданы 16 мың шаршы шақырымнан астамға қысқарған.
Климаттың өзгеруі, теңіз ортасының ластануы және биоалуантүрліліктің азаюы бүкіл өңірдің теңіз және жағалау экожүйелеріне төнетін қауіп-қатерді күшейтіп отыр.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев болып жатқан өзгерістердің ауқымы нақты ғылыми деректер мен кешенді зерттеулерге негізделген бірлескен шешімдерді талап ететінін атап өтті.
"Осы тұрғыда бірлескен мониторингті дамыту, ғылыми ақпарат алмасу және Каспий маңы бес мемлекетінің ғылыми-зерттеу мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту ерекше маңызға ие", - деді ол.
Ошурбаевтың айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының қызметі теңіз ортасын кешенді зерттеуге және Каспий экожүйесін сақтау жөніндегі шараларды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан институттың әлеуетін арттыруға және оның өңірдегі бейінді ғылыми мекемелермен белсенді ынтымақтастығын дамытуға мүдделі.
Пікірталас барысында Каспий маңы бес мемлекетінің экологиялық ынтымақтастығына негіз болып келе жатқан Тегеран конвенциясы аясындағы өңірлік өзара іс-қимылға да ерекше назар аударылды.
Қатысушылар теңіз ортасының ластануын болдырмау, биоалуантүрлілікті сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді шешімдерін әзірлеу бағыттарындағы ғылыми зерттеулердің рөлін қарастырды.
Қазақстан Каспий теңізін сақтау жөніндегі ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ортақ келісілген тәсілдерді әзірлеуге мүдделі екенін білдірді.