Банктер бизнеске қарағанда халыққа көбірек кредит береді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото
Знак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
Өнеркәсіпке берілетін кредит көлемі баяу өсіп келеді
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда банктердің бизнеске беретін кредит көлемі халыққа берілетін несиеден айтарлықтай аз. Әсіресе өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыру қарқыны төмен. Бұл туралы Ranking.kz жазды.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың 1 қазанында банк секторының кредит портфелі 46,4 трлн теңгеге жеткен. Оның 19,8 трлн теңгесі (42,6%) бизнеске, ал 26,7 трлн теңгесі (57,4%) халыққа берілген. Осылайша, жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі бизнес несиелерінен 6,9 трлн теңгеге артық.
Өнеркәсіп саласын кредиттеу қарқыны да баяу. Бір жылда өнеркәсіп кәсіпорындарының кредит портфелі небәрі 6,3%-ға өсіп, 7,4 трлн теңгені құраған. Ал өңдеу өнеркәсібінде өсім 4,1% деңгейінде қалып, кредит портфелі 4,8 трлн теңгеге жеткен. Тау-кен өнеркәсібінде кредит көлемі, керісінше, 11,2%-ға қысқарған.
"Кәсіпорындар үшін кредит құны да маңызды кедергі болып отыр. 2026 жылдың екінші тоқсанында өңдеу өнеркәсібіндегі кредиттердің орташа нақты мөлшерлемесі 15,9% болса, кәсіпорындар үшін қолайлы мөлшерлеме 7,4% болған. Айырмашылық 8,5 пайыздық тармаққа жеткен", - деп жазды портал.
Соған қарамастан, өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың 24,6%-ы келесі тоқсанда кредит алуға өтініш беруді жоспарлаған. Бұл қаражатқа сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16,1 трлн теңгені құраған. Оның тек 893,5 млрд теңгесі немесе 5,6%-ы банк кредиті есебінен қаржыландырылған. Өнеркәсіпте бұл көрсеткіш 7,2% болған.
Max - новая цифровая платформа (российский мессенджер, выпущенный компанией VK в 2025 году). Российская цифровая платформа Мax сообщает о регистрации миллиона пользователей на мобильных устройствах и компьютерах. - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
"Стоп-кредит" қай кезде шектеу қоя алмайды
Жаңалықтар
0