https://sputnik.kz/20261117/aqtobe-turgyndary-arzan-shina-alamyn-dep-taqyrga-otyrdy-68512588.html
Ақтөбе тұрғындары арзан шина аламын деп тақырға отырды
Ақтөбе тұрғындары арзан шина аламын деп тақырға отырды
Sputnik Қазақстан
Келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеге жуықтаған 17.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-17T13:24+0500
2026-11-17T13:24+0500
2026-11-17T13:24+0500
алаяқтық
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/374/80/3748041_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_8d141aa486088710db5030ee8eec1377.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының тұрғындары қысқы дөңгелектерді арзан бағаға сатып алмақ болып, интернет-алаяқтардың құрбанына айналды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.Қараша айының басынан бері Ақтөбе облысында қысқы шиналарды интернет арқылы сатып алуға әрекеттенген бес адам алаяқтарға алданып қалған.Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеге жуықтаған.Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды интернет арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға шақырады.Полиция төлем жасамас бұрын хабарландырудың шынайылығын және сатушының сенімділігін тексеруге кеңес береді. Сондай-ақ тауардың бар екеніне көз жеткізбей, бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аударуға асықпау керектігін ескертеді.
https://sputnik.kz/20260331/divan-da-aqsha-da-zhoq-astanada-23-turgyn-aldanyp-qaldy-62303922.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/374/80/3748041_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_0e5a879f94bdc8f1246e50d89315e55c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, ақтөбе
Ақтөбе тұрғындары арзан шина аламын деп тақырға отырды
Келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеге жуықтаған
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының тұрғындары қысқы дөңгелектерді арзан бағаға сатып алмақ болып, интернет-алаяқтардың құрбанына айналды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қараша айының басынан бері Ақтөбе облысында қысқы шиналарды интернет арқылы сатып алуға әрекеттенген бес адам алаяқтарға алданып қалған.
"Алаяқтар әлеуметтік желілерде қысқы дөңгелектерді арзан бағамен сататыны туралы хабарландырулар жариялап, үлкен жеңілдіктер мен жылдам жеткізуді уәде етеді. Тауарға қызығушылық танытқан сатып алушылардан оны брондау немесе жеткізу үшін алдын ала төлем жасауды сұрайды. Алайда ақшаны алғаннан кейін сатушылар байланысқа шықпай, хабарландыруларын өшіріп тастайды", – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеге жуықтаған.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды интернет арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға шақырады.
Полиция төлем жасамас бұрын хабарландырудың шынайылығын және сатушының сенімділігін тексеруге кеңес береді. Сондай-ақ тауардың бар екеніне көз жеткізбей, бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аударуға асықпау керектігін ескертеді.