Алматы орталығында ауа бірнеше сағатқа айтарлықтай тазарды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
Eco Almaty жылжымалы зертханасы ауаның тазалығын тексеріп көрген
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Алматының орталық көшелерінде өткен City Run жарысы кезінде ауа айтарлықтай тазарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
15 қарашада жарыс кезінде көлік қозғалысы бірнеше сағатқа шектелген болатын. Сол кезде Eco Almaty жылжымалы зертханасы ауаның тазалығын тексеріп көрген. Мамандардың есебіне сәйкес, азот диоксидінің концентрациясы 95%-ға, шаң 94%-ға, ал күкірт диоксиді 87%-ға төмендеген.

"Атап айтқанда, автокөлік шығарындыларының негізгі көрсеткіштерінің бірі саналатын азот диоксидінің мөлшері 0,040 мг/м³-тен 0,002 мг/м³-ке дейін төмендеді. Шаң концентрациясы 0,300 мг/м³-тен 0,018 мг/м³-ке дейін азайған. Күйе мөлшері үштен бірге төмендесе, көміртек тотығының көрсеткіші рұқсат етілген шектен екі есе аз болды", - дейді экологтар.

Биыл Алматыда автокөліктерден бөлінетін зиянды шығарындылары төмен аймақтың (LEZ) пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Оның аумағы Бөгенбай батыр, Желтоқсан, Абай және Достық көшелерімен шектелген. Пилоттық кезеңнің нәтижесінде әкімдік арнайы қаулы қабылдап, аумақтың шекарасын бекітуі қажет.
Айта кетері, қалада қабылданған Атмосфералық ауаны қорғау қағидалары тек LEZ аумағына ғана қатысты емес. Құжатта автокөлік шығарындыларын азайту, газ тартылған аудандарда көмір мен сұйық отынды пайдаланудан бас тарту, сондай-ақ кәсіпорындарға ауа тазартатын сүзгілер орнату шаралары қарастырылған.
Усть-Каменогорск - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Ауа сапасы орташа: әкімдік өскемендіктердің тұманға қатысты шағымдарына жауап берді
Жаңалықтар
0