https://sputnik.kz/20261117/almatyda-student-oliminen-keyin-prorektor-men-dekan-qyzmetinen-bosatyldy-68507015.html
Алматыда студент өлімінен кейін проректор мен декан қызметінен босатылды
Алматыда студент өлімінен кейін проректор мен декан қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған қайғылы оқиғаға байланысты университет басшылығы шұғыл шаралар қабылдады... 17.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-17T12:23+0500
2026-11-17T12:23+0500
2026-11-17T12:26+0500
алматы
студент
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19130309_48:0:1154:622_1920x0_80_0_0_042d1879b180aff2098821d2f772b7a4.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған қайғылы оқиғаға байланысты университет басшылығы шұғыл шаралар қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбие жұмысының тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіптің қамтамасыз етілмеуі себепті басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы қызметінен босатылды.Бұдан бөлек, барлық студенттік жатақханаларда кешкі бақылау күшейтіліп, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға кәсіби психологиялық көмек көрсету бағытында қосымша шаралар қолға алынған.Университет бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпаратты жасырмайтынын және құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеуге толықтай жәрдемдесіп жатқанын атап өтті.Еске сала кетейік, 16 қарашаға қараған түні оқу орнының жатақханасында студент Дауыл Бәкіртай қаза болды. Ол 1 курста оқыған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20261117/qazuu-de-student-koz-zhumdy-tuystary-qaygyly-oqiganyn-man-zhayyn-aytyp-berdi-68500944.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19130309_186:0:1015:622_1920x0_80_0_0_dd74018d4c652d1f2be90b9446909944.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, студент
Алматыда студент өлімінен кейін проректор мен декан қызметінен босатылды
12:23 17.11.2026 (жаңартылды: 12:26 17.11.2026) АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған қайғылы оқиғаға байланысты университет басшылығы шұғыл шаралар қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбие жұмысының тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіптің қамтамасыз етілмеуі себепті басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы қызметінен босатылды.
"Сондай-ақ қайғылы оқиға болған күні жатақханада кезекшілікте болған жауапты қызметкерлер жұмыстан шеттетіліп, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, барлық студенттік жатақханаларда кешкі бақылау күшейтіліп, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға кәсіби психологиялық көмек көрсету бағытында қосымша шаралар қолға алынған.
Университет бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпаратты жасырмайтынын және құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеуге толықтай жәрдемдесіп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, 16 қарашаға қараған түні оқу орнының жатақханасында студент
Дауыл Бәкіртай қаза болды. Ол 1 курста оқыған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.