Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды

© PhotoЕрмек Сагимбаев
Ермек Сагимбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
Ол бұл қызметті 2022 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келді
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Ермек Сағымбаев Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Сағымбаев туралы не білеміз

58 жастағы генерал-лейтенант Қазақ политехникалық институты бітірген. Артынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алған. ҚР 2021 жыл Ұлттық қорғаныс университетінде ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы лауазымдарында қызмет атқарды;
2006-2019 жылдары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің жедел және басшы лауазымдарында қызмет атқарды;
2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы болды;
2021-2022 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін атқарушы, бастығы болды;
2022 жылғы қаңтардан бүгінге дейін – ҚР ҰҚК төрағасы.
Жаңалықтар
0