Тоқаев ҰҚК-ның жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев представил нового председателя Комитета национальной безопасности Марата Ирменова
Касым-Жомарт Токаев представил нового председателя Комитета национальной безопасности Марата Ирменова - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізді
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті ұжымға таныстырып, оған бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлады Ақорда.
Президент ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, ведомство алдына қойылған мақсаттарға жетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және қызмет тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң мен Тәртіп" қағидатының орындалуына, мемлекеттің экономика саласындағы ұлттық мүддесін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да заң бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға баса назар аудару керек екенін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар президент кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптің алдын алу, басымдыққа ие мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы тапсырма берді.
Еске сала кетейік, бүгін Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Марат Ирменов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындады
Жаңалықтар
0