"Қазақстандықтар жоқ": Таиландта болған өрттен 11 адам көз жұмды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПляжи в Таиланде
Пляжи в Таиланде - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
Өрт мотоциклдерді сату және жалға берумен айналысатын коммерциялық ғимараттан басталған
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Таиландта коммерциялық орталық маңында болған өрттен 11 адам көз жұмды. Марқұм болғандардың арасына Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Cыртқы істер министрлігі хабарлады.
Пхукет аралындағы мотоциклдерді жалға беру орталығының маңында ірі өрт болып, 11 адам қаза тапты, 38 адам жарақат алды, деп жазды Khaosod басылымы.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні таңертең Пхукет аралындағы Патонг қаласында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Өрт мотоциклдерді сату және жалға берумен айналысатын коммерциялық ғимараттан басталып, әп-сәтте жалын көршілес орналасқан тағы бес ғимаратты шарпыған.
38 адам қою түтіннен зардап шеккен. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға шамамен 50 минут жұмсаған. Өрт салдарынан бірнеше ғимарат пен маңайда тұрған мотоциклдер де зақымданған.
Жаңалықтар
0