https://sputnik.kz/20261116/qazaqstan-zhumyrtqa-importtauga-tyyym-saldy-68479065.html
Қазақстан жұмыртқа импорттауға тыйым салды
Қазақстан жұмыртқа импорттауға тыйым салды
Sputnik Қазақстан
Шектеу жұмыртқа тасыйтын барлық көлік түріне қатысты 16.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-16T14:36+0500
2026-11-16T14:36+0500
2026-11-16T14:36+0500
жұмыртқа
еаэо
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_0:129:3187:1921_1920x0_80_0_0_822cdd130b44b833a1f0cfdba4f8d126.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанда тауық жұмыртқасын ел аумағына әкелуге екі ай мерзімге тыйым салынды. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілетін жұмыртқаға да қатысты. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында көрсетілген.Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге екі айға шектеу енгізіледі. Шектеу жұмыртқа тасыйтын барлық көлік түріне қатысты.Алайда бұйрықта бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда:Айта кетері, Қазақстанда бұған дейін сәуір айында да тауық жұмыртқасын импорттауға алты ай мерзімге тыйым салынған болатын.
https://sputnik.kz/20260619/zhambyl-oblysynda-zhylyna-30-million-zhumyrtqa-ondiretin-kesheninin-qurylysy-bastaldy-64262727.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_88654175b1c3eb449af430d1f7c4c357.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыртқа, еаэо
Қазақстан жұмыртқа импорттауға тыйым салды
Шектеу жұмыртқа тасыйтын барлық көлік түріне қатысты
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанда тауық жұмыртқасын ел аумағына әкелуге екі ай мерзімге тыйым салынды. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілетін жұмыртқаға да қатысты. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында көрсетілген.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге екі айға шектеу енгізіледі. Шектеу жұмыртқа тасыйтын барлық көлік түріне қатысты.
Алайда бұйрықта бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда:
Жұмыртқаны Қазақстан аумағы арқылы транзитпен, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен екінші мемлекетке тасымалдауға рұқсат етіледі;
Бұйрық күшіне енгенге дейін экспорттаушы елде экспорттық кедендік рәсімге орналастырылған, алайда Қазақстан аумағына бұйрық күшіне енгеннен кейін жеткізілетін жұмыртқаларды тауарларға арналған экспорттық немесе транзиттік декларация ұсынылған жағдайда әкелуге рұқсат етіледі;
Бұйрық күшіне енгенге дейін Қазақстан аумағына нақты жеткізілген жұмыртқаларға ілеспе жүкқұжат болған жағдайда шектеу қолданылмайды.
Айта кетері, Қазақстанда бұған дейін сәуір айында да тауық жұмыртқасын импорттауға алты ай мерзімге тыйым салынған болатын.