Қазақстан мен ЮНЕП метан шығарындыларын азайту мәселесін талқылады

© Sputnik / Медиабанкке өтуКАМАЗ
КАМАЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
Тараптар Каспийдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін мемлекетаралық үйлестіру мен практикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстан мен ЮНЕП метан шығарындыларын қысқарту бойынша ынтымақтастықты нығайтады.
Бұл мәселе Анталияда өтіп жатқан COP31 конференциясы аясында Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров пен БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) атқарушы директоры Ингер Андерсеннің кездесуінде талқыланды.
"Кездесу барысында тараптар метан шығарындыларын қысқарту жөніндегі шараларды іске асыру, озық тәжірибелермен алмасу және халықаралық әріптестікті дамыту мәселелеріне басымдық берді", - деп жазылған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.
Қазақстан тарапы метан шығарындыларын азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жинақталған тәжірибені таныстырды. Сонымен қатар бұл саладағы тиімді шешімдерді ілгерілету және мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі аталып өтті.
Тараптар климаттың өзгеруіне қарсы күрес аясында метан шығарындыларын қысқарту бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.
Жаңалықтар
0