https://sputnik.kz/20261116/qaragandy-oblysynda-brakonerlerden-quny-20-mln-tengege-zhuyqtaytyn-shayan-tarkilendi-68496421.html
Қарағанды облысында браконьерлерден құны 20 млн теңгеге жуықтайтын шаян тәркіленді
Қарағанды облысында браконьерлерден құны 20 млн теңгеге жуықтайтын шаян тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды 16.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-16T22:53+0500
2026-11-16T22:53+0500
2026-11-16T22:53+0500
қарағанды
браконьер
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/10/68496258_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_9bfaa01d1e8bb659865680d6000b88c0.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында браконьерлікпен айналысқан топ ұсталып, 2,5 тонна шаян тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.Қарағанды облысының Приозерск қаласында заңсыз шаян аулап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді.23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам шаяндарды заңсыз аулап, аса ірі мөлшерде сатумен айналысты деген күдікке ілінді.Алдын ала есеп бойынша, күдіктілердің әрекетінен мемлекетке 20 миллион теңгеге жуық көлемінде залал келтірілген.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған сегіз адамның екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, сондай-ақ заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260106/byltyr-shekara-zannamasyn-buzgan-50-mynnan-astam-adam-zhauapqa-tartyldy-60168239.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/10/68496258_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_637d73245ecd63d326987e86b28e1635.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, браконьер, қылмыс
қарағанды, браконьер, қылмыс
Қарағанды облысында браконьерлерден құны 20 млн теңгеге жуықтайтын шаян тәркіленді
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында браконьерлікпен айналысқан топ ұсталып, 2,5 тонна шаян тәркіленді, деп хабарлады
Polisia.kz.
Қарағанды облысының Приозерск қаласында заңсыз шаян аулап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді.
23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам шаяндарды заңсыз аулап, аса ірі мөлшерде сатумен айналысты деген күдікке ілінді.
"Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полицейлер 2 557 келі шаянды тәркіледі. Сонымен қатар заттай дәлелдеме ретінде 115 паллет, заңсыз ауланған өнімді тасымалдауға пайдаланылған деген болжам бар жүк көлігі мен ГАЗель алынды", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала есеп бойынша, күдіктілердің әрекетінен мемлекетке 20 миллион теңгеге жуық көлемінде залал келтірілген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған сегіз адамның екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, сондай-ақ заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.