https://sputnik.kz/20261116/pater-alushylardan-negizsiz-komissiya-talap-etuge-tosqauyl-qoyylmaq-68478114.html
Пәтер алушылардан негізсіз комиссия талап етуге тосқауыл қойылмақ
Пәтер алушылардан негізсіз комиссия талап етуге тосқауыл қойылмақ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанда риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі. 16.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-16T12:48+0500
2026-11-16T12:48+0500
2026-11-16T12:49+0500
пәтер
баспана
сауда
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанда риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.Ведомство Құрылтай депутаттарымен және кәсіби қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, риелторлық қызметті реттеу шараларын әзірлеуде.Ең алдымен, риелторлық қызмет көрсетудің бірыңғай қағидаларын енгізу қажет. Онда риелторлардың жұмыс тәртібі, клиенттермен келісімшарт жасау және қызмет көрсету талаптары нақты белгіленеді. Әсіресе, келісімшарттың мазмұнына баса назар аударылады – оның құны, комиссия мөлшері мен төлеу тәртібі, сондай-ақ екі тараптың құқықтары мен міндеттері анық жазылуға тиіс.Бұдан бөлек, риелторлардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту жоспарланған. Министрлік қолданыстағы ұлттық стандарт негізінде қызмет көрсету сапасына, кәсіби әдепке, мәмілелерді сүйемелдеуге және клиенттермен жұмыс істеуге қатысты міндетті талаптар енгізу мүмкіндігін қарастырады.Қазіргі уақытта риелторлардың кәсіби стандардарты да әзірленуде. Бұл құжат мамандардың кәсіби қызметіне қажетті білімін, дағдыларын және біліктілік деңгейін айқындайды.Сондай-ақ риелторлық қызметті өзін-өзі реттеу жүйесін дамыту ұсынылуда. Бұл жүйе аясында кәсіби бірлестіктер өз мүшелеріне ортақ талаптар белгілеуге, олардың жұмысын бақылауға, азаматтардың шағымдарын қарауға және талаптарды бұзған мамандарға қатысты шаралар қабылдауға қатыса алады. Онымен қоса аккредиттелген ұйымдардың қатысуымен риелторлардың кәсіби біліктілігін растау тетігі пысықталуда.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту де көзделген. Министрлік депутаттармен бірлесіп, азаматтарға қажетсіз қызметтерді мәжбүрлі түрде ұсынуға, келісімшартқа тұтынушы үшін тиімсіз талаптар енгізуге және негізсіз комиссия алуға жол бермеу үшін қосымша заңнамалық шараларды талқылауда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер, баспана, сауда
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанда риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.
Ведомство Құрылтай депутаттарымен және кәсіби қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, риелторлық қызметті реттеу шараларын әзірлеуде.
"Оның мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және риелторлар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету", - деп жазылған хабарламада.
Ең алдымен, риелторлық қызмет көрсетудің бірыңғай қағидаларын енгізу қажет. Онда риелторлардың жұмыс тәртібі, клиенттермен келісімшарт жасау және қызмет көрсету талаптары нақты белгіленеді. Әсіресе, келісімшарттың мазмұнына баса назар аударылады – оның құны, комиссия мөлшері мен төлеу тәртібі, сондай-ақ екі тараптың құқықтары мен міндеттері анық жазылуға тиіс.
"Тағы бір маңызды ұсыныстардың бірі – риелтор қызметіне тапсырыс бермеген азаматтардан комиссия талап етуге жол бермеу. Клиент риелитор кімнің мүддесін қорғайтынын және қандай қызмет үшін қаражат алатынын алдын ала білуі қажет", - дейді мамандар.
Бұдан бөлек, риелторлардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту жоспарланған. Министрлік қолданыстағы ұлттық стандарт негізінде қызмет көрсету сапасына, кәсіби әдепке, мәмілелерді сүйемелдеуге және клиенттермен жұмыс істеуге қатысты міндетті талаптар енгізу мүмкіндігін қарастырады.
Қазіргі уақытта риелторлардың кәсіби стандардарты да әзірленуде. Бұл құжат мамандардың кәсіби қызметіне қажетті білімін, дағдыларын және біліктілік деңгейін айқындайды.
Сондай-ақ риелторлық қызметті өзін-өзі реттеу жүйесін дамыту ұсынылуда. Бұл жүйе аясында кәсіби бірлестіктер өз мүшелеріне ортақ талаптар белгілеуге, олардың жұмысын бақылауға, азаматтардың шағымдарын қарауға және талаптарды бұзған мамандарға қатысты шаралар қабылдауға қатыса алады. Онымен қоса аккредиттелген ұйымдардың қатысуымен риелторлардың кәсіби біліктілігін растау тетігі пысықталуда.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, риелторларды реттелетін кәсіптер тізіміне енгізу мәселесі қаралады. Бұл өз кезегінде риелторлардың кәсіби даярлығына нақты талаптар қоюға және олардың біліктілігін растау тәртібін белгілеуге негіз болмақ", - деп жазылған хабарламада.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту де көзделген. Министрлік депутаттармен бірлесіп, азаматтарға қажетсіз қызметтерді мәжбүрлі түрде ұсынуға, келісімшартқа тұтынушы үшін тиімсіз талаптар енгізуге және негізсіз комиссия алуға жол бермеу үшін қосымша заңнамалық шараларды талқылауда.