Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропа Украина бойынша келіссөзге E5 + ЕО форматында қатыспақ

© Photo : Christophe LicoppeУрсула фон дер Ляйен
Урсула фон дер Ляйен
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
Урсула фон дер Ляйен мен Александр Стубб Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөзді талқылады
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөзге E5 + Еуропалық одақ форматы аясында белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.
"Александр Стубб екеуміз Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөзді талқыладық. Еуропа бұл процеске E5 + ЕО форматы аясында белсенді қатысады", – деп жазды ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ саясаткер ЕО-ға жаңа мемлекеттерді қабылдау мәселесі де талқыланғанын атап өтті. Бұл мәселе одақтың кеңеюіне арналған бүгінгі форум қарсаңында көтерілген.
Жұма күні Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта келіссөзде Еуроодақ атынан одақ институттары мен E5 елдері қатысатынын хабарлаған болатын.
Абу-Даби накануне трехсторонних переговоров России, США и Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Абу-Дабидегі үшжақты келіссөз төрт сағатқа созылды
Жаңалықтар
0