ЕАЭО елдері мен Мьянма бірлескен өндіріс орындарын құру мәселесін талқылады

© Photo : Пресс-служба Евразийской экономической комиссииЕЭК и Мьянма провели третье заседание совместной рабочей группы
ЕЭК и Мьянма провели третье заседание совместной рабочей группы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
ЕАЭО-ның бизнес-ахуалды жақсарту тәжірибесі Мьянмаға инвестиция тарту және бірлескен өндірістер құру ісінде қажет болуы мүмкін
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Нейпьидо қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Мьянма Одағы Республикасы үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.
ЕЭК-тің интеграция және макроэкономика министрі Данияр Иманәлиев қазіргі кезеңдегі негізгі міндет Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір елі мен Мьянма арасындағы сауда-экономикалық байланысты кезең-кезеңімен дамыту екенін атап өтті.
"ЕАЭО елдері Мьянмамен байланысты дамытуға атсалысып жатқаны, тауар айналымының өсіп, ауқымды жобалардың жүзеге асырылып әрі талқыланып жатқаны қуантады", – деді министр.
Оның айтуынша, Еуразиялық реттеу жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары сауда-экономикалық диалогты жандандыруға және нақты жобаларды іске асыруға ықпал етеді.
Данияр Иманәлиев ЕАЭО-ның бизнес-ахуалды жақсарту саласындағы тәжірибесі Мьянмаға инвестиция тарту және Еуразиялық "бестік" елдерінің компаниялары қатысатын бірлескен өндірістер құру бағытында қажет болуы мүмкін екенін атап өтті.
"Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және логистика салаларында ЕАЭО елдері мен Мьянма арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік мол", – деді ол.
Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО–АСЕАН бағыты бойынша ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде екі өңір арасындағы көлік-логистикалық байланысты нығайтуға жақсы мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
Мьянма тарапы елдің өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы әлеуетін, арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ ЕЭК-пен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен диалогты жандандыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.
Жұмыс тобының отырысында өнеркәсіпті, көлікті, инфрақұрылымды дамыту, кедендік реттеу және іскерлік байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералды тыңайтқыштар жеткізу, жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу, экономиканы цифрландыру, көлік дәліздерін дамыту салаларындағы салалық диалогты одан әрі кеңейтуге өзара қызығушылық бар екені айтылды.
Пункт пропуска Казыгурт в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Қаржы министрлігі ЕАЭО кеденінде ақша тәркілеу тәртібіне енгізілген өзгерістерді жариялады
Жаңалықтар
0