https://sputnik.kz/20261115/zhibek-qulambaeva-kolumbiyadagy-turnirdin-zhenimpazy-atandy-68468843.html
Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі жеке рекордын жаңартып, 86-орынға көтеріледі 15.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-15T17:00+0500
2026-11-15T17:00+0500
2026-11-15T17:00+0500
теннис
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/07/10/36832614_0:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_a1287141691e621a5999f5baf638efd2.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.Жұптық сында Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті.Бұл Жібек Құламбаеваның биылғы маусымдағы сегізінші және WTA 125 санатындағы турнирлердегі екінші титулы болды. Қыркүйек айында қазақстандық теннисші австралиялық Габриэлла Фикпен бірге Португалияда өткен осы санаттағы жарыстың жұптық сынында топ жарған болатын.Жалпы, 2026 жылы Құламбаева жұптық сында жеті титул жеңіп алды. Оның алтауы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) турнирлерінде тіркелді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы Үндістанда өткен ITF W15 турнирінің жекелей сынында жеңімпаз атанды.Колумбиядағы табысты өнерінің арқасында Жібек Құламбаева жұптық сындағы әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартады. Дүйсенбі, 16 қараша күні қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 86-орынға көтеріледі.
https://sputnik.kz/20250420/qazaqstandyq-tennisshi-zhibek-qulambaeva-madridtegi-turnirde-zheniske-zhetti-52674855.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/10/36832614_220:0:2951:2048_1920x0_80_0_0_215e4bb62a4a9f32d756d21e727f9fe0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теннис, қазақстан
Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі жеке рекордын жаңартып, 86-орынға көтеріледі
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Жұптық сында Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті.
"Финалдық кездесуде олар чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшек жұбын 5:7, 6:2, 14:12 есебімен жеңді", - деп жазылған хабарламада.
Бұл Жібек Құламбаеваның биылғы маусымдағы сегізінші және WTA 125 санатындағы турнирлердегі екінші титулы болды. Қыркүйек айында қазақстандық теннисші австралиялық Габриэлла Фикпен бірге Португалияда өткен осы санаттағы жарыстың жұптық сынында топ жарған болатын.
Жалпы, 2026 жылы Құламбаева жұптық сында жеті титул жеңіп алды. Оның алтауы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) турнирлерінде тіркелді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы Үндістанда өткен ITF W15 турнирінің жекелей сынында жеңімпаз атанды.
Колумбиядағы табысты өнерінің арқасында Жібек Құламбаева жұптық сындағы әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартады. Дүйсенбі, 16 қараша күні қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 86-орынға көтеріледі.