Әлем

Иран Бахрейндегі АҚШ әскери базасына алты дронмен шабуыл жасады

© Sputnik / Антон БыстровОбразцы ракет и ракетоносителей в Тегеране, архивное фото
Образцы ракет и ракетоносителей в Тегеране, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2026
Жазылу
Соққы америкалық тараптың әрекеттеріне жауап ретінде жасалған
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Иран Бахрейндегі АҚШ әскери базасындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарына алты дронменшабуыл жасады,деп хабарлайды РИА Новости ирандық Press TV телеарнасына сілтеме жасап
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) Бахрейндегі әскери базада орналасқан АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс радиолокациялық станцияларына (РЛС) алты ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен шабуыл жасағанын мәлімдеді.
"ИРСК алты ұшқышсыз ұшу аппаратының Бахрейндегі (әскери - ред.) базада орналасқан АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс радиолокациялық станцияларына шабуыл жасағанын мәлімдеді", – делінген телеарна хабарламасында.
Fars агенттігі ИРСК-ға сілтеме жасай отырып, соққының америкалық тараптың әрекеттеріне жауап ретінде жасалғанын жеткізді.
Иран тарапының мәліметінше, бұл – соңғы үш күнде әскери базаға жасалған екінші дрон шабуылы. Шабуылға АҚШ-тың Сирик қаласындағы телекоммуникациялық мұнараға жасаған әуе соққысы себеп болған.
Иран соңғы рет Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына қыркүйек айында шабуыл жасаған.
Ормуз бұғазы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Иран Ормуз бұғазында БАӘ кемесіне зымыранмен шабуыл жасады
Жаңалықтар
0